Әлеумет Тәртіп сақшылары азаматтардың құқығын қорғауды басты назарда ұстайды Редактор 09.06.2022 2154 1 оқу мин Қоғамдық орында болсын, отбасында болсын ешкімнің құқығына қол сұғуға ешкімнің қақысы жоқ. Тәртіп сақшылары азаматтардың құқығын қорғауды басты назарда ұстайды. Күні кеше Түркістан облысына қарасты Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз ер адам көше бойында өзіне тиісіп, мазасын алып жатқанын айтқан. Хабарламаны естіген бойда полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжайға тез арада келіп жетті. Тәртіп сақшылары әйелге қысым көрсетуші ер адамның мас халде екендігінен күдіктеніп, оны полиция бөліміне жеткізді. Содан сот-сараптамалық нәтиже тағайындалып, аталған азаматтың есірткі затын қолданғаны белгілі болды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорларымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды. Сонымен қатар тінту барысында күдіктінің сол жақ қалтасынан есірткі затына ұқсас ұнтақтар табылды. Айғақ ретінде алынған затқа сот сараптама тағайындалып, нәтижесінде «гашиш» есірткі заты екендігі белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 26.04.2024 794 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР 26.04.2024 1064 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 25.04.2024 1658