Әлеумет Ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталмақ Редактор 16.06.2022 3102 1 оқу мин Өз затына немқұрайлы қарайтындар ұрылардың жемтігіне айналары сөзсіз. Қараусыз қалған бағалы затты байқатпай қақшып кететін суыққолдылар қайуақытта да қалғымайды. Түркістан облысына қарасты Арыс аудандық полиция бөліміне орталық базар сатушыларының бірі арызданып, өзіне тиесілі «Самсунг» маркалы ұялы телефоны ұрланғанын хабарлады. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы шықты. Тексеру кезінде полицейлер, дүкенге белгісіз біреу кіріп, сатылымдағы аяқ киімдерді қарағандай болып, ұялы телефонды байқатпай ұрлап кеткенін анықтады. Ұрланған гаджеттің құны 70 мың теңгеден асады. Тәртіп сақшылары бірден іске кірісіп, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, базар аумағын аралап, ықтимал куәлардан жауап алды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы және тұрған жері анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары әйелді заңға сәйкес істің мән-жайын анықтап, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізді. Айғақты зат ретінде күдіктіден ұрланған телефон тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтайды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 26.04.2024 627 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР 26.04.2024 949 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 25.04.2024 1536