Әлеумет Полицейлер дүкенде тұрған сөмкеден алтын бұйымдар мен ақша ұрлаған күдіктілерді ұстады Редактор 18.06.2022 2840 1 оқу мин Алаяқтар мен ұрылар көбейіп тұрған шақта тәртіп сақшылары азаматтарға дүние мүлкіне барынша мұқият болуды ескертсе де нмқұрайдылық танытатындар бар. Дегенмен құқық қорғаушылар ұрлық қылмысының жылдам ашылуы бойынша нәтижелі жұмыстар атқаруда. Жуырда Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық полиция бөліміне әйел адам арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер дүкен ішінде тұрған қара сөмкесінен алтын бұйымдары мен ақшасын, сонымен қатар сөреде тұрған 8 дана ішімдікті ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 400 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде күдікті ретінде бұрын сотты болған екі ер адам ұсталды. Олар бір-біріне көршілер болып келеді. Анықталғандай екі көрші зат сатып алуға дүкенге кірген. Содан ешкімнің байқамай тұрғанын пайдаланып, оңай олжалы болуды көздеген. Қолдарына ілінген бөтеннің мүлкін жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Қос ер азаматтан алтын бұйымдар тәркіленіп алынды. Күдіктілер ұрлаған алтын бұйымдарды жасырып қойып, ұрлаған ішімдіктерді ішкен. Қазіргі таңда екі жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін дүкендерге, ғимараттарға, тұрғын үйлерге бейнебақылау камералары мен арнайы дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 25.04.2024 1214 ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНА 49 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНА 49 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ 25.04.2024 1280 ЖЕТІСАЙДА ТЕАТР ӨНЕРПАЗДАРЫ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ 1 оқу мин Әлеумет ЖЕТІСАЙДА ТЕАТР ӨНЕРПАЗДАРЫ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ 24.04.2024 2215