Әлеумет Мектеп бітірушілер арасында полиция қызметкері болғысы келетіндерге үгіт-насихат жүргізді Редактор 20.06.2022 3677 1 оқу мин Қазіргі таңда өмірге көзқарастары толық қалыптаспаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы жиі кездеседі. Жастардың қылмысқа жиі бойы алдыруы ол отбасындағы берілген тәрбиеге, ата – ананың балаға көніл бөлмеуіне де байланысты. Қоғам кәмілеттік жасқа толмаған азаматтардың жасаған қылмыстарын түрлі себеп салдарлары көп. Сондықтан да кәмелет жасына жетпегендердің қылмысқа баруының алдын алу үшін тәртіп сақшылары түрлі іс-шаралар өткізіп келеді. Түркістан облысына қарасты Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері білім бөлімімен бірлесіп, полиция бөлімінің ғимаратында «Ашық есік» күнін өткізді. Жиынға 30-ға жуық оқушы қатысты. Шараның мақсаты — жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды болдырмау және алдын алу. Яғни мектепте әлімжеттік көрсетіп, ақша жинайтын, қақтығыс жасайтын оқушылармен жүйелі түрде жұмыс жасау. Жиын барысында полиция подполковнигі Жан Мамыров тәртіп сақшыларының қызметінде арнайы құралдарды таныстырып өтті. Жасөспірімдер арасындағы орын алатын құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әрбір құқық бұзған адам заң алдында жауап беретінін алға тартып, ондай қадамға бармауға кеңес берді. Сонымен қатар мектеп бітірушілер арасында полиция қызметкері болғысы келетіндерді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің жоғарғы оқу орындарына түсуге үгіт-насихат жүргізді. Оқушыларға полиция қызметінің қыр-сырын ашып түсіндіріп, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Бұл мамандықтың қиындығы мен жауапкершілігін алға тартып, «Кез-келген адам полиция қызметкері бола алмайды. Тәртіп сақшысы болу үшін төзімділік пен сабырлылық, жылдамдық, асқан жауапкершілік қажет» — деп атап өтті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 26.04.2024 523 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР 26.04.2024 949 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 25.04.2024 1444