Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: "ВКонтакте офиц. страница"

Жеңіс Сейдуллаұлы, әнші, сазгер

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2014-12-18

Біздің өнерде экспорт жоқ...

- Біздің жас кезімізде гитара ұстап ән айту мода болатын. Өзім Байқоңыр қаласының маңындағы Төретам деген бекетте дүниеге келгем. Ол жерде орыстар көп болатын. Өнерге ден қоюыма  солардың музыкасының да әсер еткен болуы керек.  Мектепте жүргенде ансамблде ойнадым. Одан Шымкенттегі музыкалық училищені бітірдім. Өнер жолына түсуіме әкем әу баста қарсы болды. Ауылда қалсын деді ме мені техникаға үйретіп, мопед алып берді. Барлық мүмкіншілігін салды. Бізде албырт жүрек, жастық кез барлығы оқуға кетіп бара жатқаннан кейін мен де қалмайын деп сыртқа шығып кеткен жайымыз бар. 

- Кезінде «Гүлдер» ансамблінің аты дүркіреп шықты. Бүгінде сол атағы бәсеңсіп қалғандай...

- «Гүлдер» ансамблі, «Қазақконцерт» бірлестігі, тағы да Астанадағы бір ұжымды ұйымдастырып  «Қазақ әуендері» Акционерлік қоғамы құрылған. Ол кезде «Гүлдердің» мемлекеттік деген аты болған. Қаржы тікелей келіп осы ансамблдің өзіне құйылатын. Шет жақтан балетмейстер, хореографтар шақырып би қоятын. Керек десеңіз бишілердің киімі Ленинградта , Мәскеуде, Киевте тігілетін. Кейіннен өз күніңді өзің көр заманы келгенде «Гүлдердің» атағы бұрынғыдай емес бәсеңдеп қалғаны рас. Ол кезде «Гүлдер» жастардың өнер алағы-тұғын. Бүгінгі майталман деген әншілердің барлығы осы «Гүлдерден» шыққан. Бүгінде қаржының тапшылығынан біз өз бетімізше жастарды көтере алмаймыз. Амал жоқ Мәдениет министрлігіне бізге қарасса екен деп аузымызды ашамыз. Бұрын «Гүлдердің» құрамындағыларға пәтер бөлінетін. Сол кезде өнер адамдарында бір қызығушылық болушы еді. «Осы жерде талантымызды жарқырата көрсетіп, тер төгіп еңбек етсек өкімет бізді далаға тастамайды» дейтін. Ал қазір біз қызметкерлерімізді немен қызықтыра аламыз?.. Бір қызығы біздің өнерде экспорт жоқ. Сыртқа шығаратын мәдениетіміз жоқ. Бізде тек импорт. Өзбекстанның, Қырғызстанның әртістерін біз асырап отырмыз. Ресейді айтпағанның өзінде. Қаттырақ айтсақ бұл ұлттық идеологияға да байланысты. Тілмен де байланысты дүние. Соның бәрі өнерге келіп тіреледі. Қазақтың әншілері Өзбекстанға, Ресейге  барып концерт қоя алмайды. Өйткені біздің өнеріміз өзімізге ғана керек. Шетелде әншіні көтеру, ән жазу, оранжировка жасау жәй ғана продюссерлік орталықтың жұмысы емес. Ол - индустрия. Жолға қойылған. Имиджмейкерлер әншінің дауысы керемет болып түрі келіспесе тіпті түрін де өзгертіп жібереді.  Кейін содан  ақша табу үшін.  

Кейде ыңғайсызданасың да, бәрін өкімет істеп берсін дегенге. Жылына жеті сегіз би қойылады. Соның бәріне костюм тігілуі керек. Бір жарым жылдың ішінде үш ақ костюм тігілді. Оған мәдениет министрлігі кінәлі деп айта алмаймыз. Бірақ орталықта отырғандар осы мәселені ойласып шешуі керек. Бір костюм 1,5 мың долларға дейін барады. Біз биші жиырма қызды киіндіруіміз керек. Сол ақшаны тапсақ оның қашан қайтарымы болады деген әңгіме бар. Ол ақша қайтпайды. Өнер арқылы ғана қайтады...

Осы ұжымға менің жаным ауырады. Өйткені ең алғашқы менің еңбек кітапшам осы жерде ашылған. «Арқас» ансамблінен кейін мен осында музыкалық жетекші болдым. Қазір енді директормын. Расында да жаным ашиды. 

- Бүгінде өзі ән шығаратын, өзі орындайтын бесаспаптар көбейіп келеді. Оған деген көзқарасыңыз...

- Ондайлар көп емес негізі пайызға шағатын болсақ, небәрі 15-20 пайыз ғана шығар. Өзі өлең жазатын, өзі ән шығаратын, өзі орындайтындарға айтар менің бір ақ кеңесім бар. Әркім өз шаруасымен айналысуы керек. Әншісің бе, әніңді айт. 

- Өзіңізді бесаспаптардың қатарына жатқызбайсыз ба? Ән де айтасыз, ән де шығарасыз дегендей...

- Мен әнші-сазгермін. Ал өлеңді ақындарға жазғызғанды жақсы көрем. Өйткені мойындаймын, өлең шығару менің қолымнан келмейді. Мен идеясын тастауым мүмкін. Осындай болса екен деп. Ал толығымен мәтін жазу қолымнан келмейді. Оған мені оқытқан жоқ. Әншілікті оқыттты, сазгерлікті де. Қазір ақындар көп. Солармен шығармашылық байланыс жасау керек. Білмейтін нәрсеміз көп қой. Өмір бойы оқып өтуге болады. Мықты ақын мен мықты сазгер шығармашылық одақ құрса жақсы ән туады. 

- Балаларыңыздың өнер жолын қуғанын қалайсыз ба? 

- Жоқ. Бұл қиын да ауыр жол. Балаларыма ән жазып беру де, клипін түсіріп беру де қолымнан келеді. Бірақ бұл жолға түсуіне қарсымын. Қызым ән айтам десе, айтпайсың деп шарт қиюға да болмайды. Барлық мамандық жақсы ғой. Негізі әркім өз орнында болса деймін. Ертеңгі күні менің қызым әнші болса, оның орнына басқа бір керемет дауысты әнші қыз келіп тұрса мен жұмысқа соны алар едім. Бар ойым әркім өз мамандығын дұрыс таңдап, өз жолымен жүрсе дегендік қой.

- Әр қазақ сіз сияқты ойласа ғой...

- Менің аса қолайыма жақпайтын нәрсе, ұжымға уақытша келген бастық , сосын өз орнында отырмаған бастық. Осы орынға тағайындалғаннан кейін бастық бел шешіп кірісіп кетуі керек. Ертең кетем ғой дегенде көңіл күйде болмауы керек. Сол мамандықты жақсы игерген бастық болуы тиіс. Сонда ғана ол қол астындағылардың жағдайын түсіне алады... Мен мысалыға ұжымдағы қыздардың мынандай қымбатшылық кезеңде қалай үй алады, гастрольдік сапармен жүріп, бұлар қашан тұрмысқа шығады   деп қиналамын.

- Қазіргі таңда шалғай облыстарға гастрольдік сапармен шығып тұрасыздар ма? 

- Негізі гастроль көп қазір. Облыстарға барған кезде «Гүлдерді» көрейік деп келеді ғой. Ұялатын да жағдайларымыз бар. Екі үш жылдан бері костюм ауыстырған жоқпыз. Бір барған костюммен екінші рет апара алмаймыз ғой. Сондықтан баста айтқан әңгімеге тағы ораламыз. Мемлекет тарапынан «Гүлдерге» үлкен қамқорлық керек. Осындай кәсіби деңгейдегі ұжымға нақты қолдау қажет.

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Май 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея