Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: albeni

«Албени» үшін абақтыға қамалуы мүмкін

👤Saq.kz 1 коммент. 🕔2015-02-10

«Албени» үшін абақтыға қамалуы мүмкін

Ағымдағы жылдың 9 ақпаны күні Мақтарал АІІБ-на Жетісай қаласының 32 жастағы тұрғыны арызданған. Ол өз арызында,  күндізгі уақытта қаладағы базарлардың бірінде орналасқан  сауда қоймасынан,  белгісіз азамат 29 мыңнан астам қораптағы  «Albeni»  шоколадын ұрлап кетіп, жәбірленуші азаматқа  жалпы  соммасы жарты миллион теңгеден астам шығын келтірген. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлерінің  анықтағаны, жәбірленуші  аталмыш  орын  алған  ұрлыққа, сол қоймада жұмыс істейтін  екі  жүк тиеуші азаматтың қатысы бар екенінен күдіктенетінін айтқан.   Мақтарал  АІІБ  қызметкерлерінің  жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында  жоғарыда көресілген  жүк  тиеуші  1990 және 1996 жылы туылған жергілікті екі тұрғын құрықталды. Олар өз істеген істерін  мойындаған.Тергеу кезінде анықталғаны, күдіктілер  қойма кілтінің екінші нұсқасын әзірлеген. Соның көмегімен жүк тиеуші азаматтар соңғы екі айдың ішінде қоймадан қораптағы шоколадтарды шығарып, әр түрлі сауда нүктелеріне өткізіп, ал одан алған ақшаны өз қажеттіліктеріне жаратып отырған. Айғақты зат ретінде полиция қызметкерлері күдіктілерден үш шоколад қорабы мен қойма кілтінің екінші нұсқасын тәркіледі. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК  188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ешқайда кетпеу туралы тілхатта. Тергеу амалдары жүргізілуде. 

 

 

ПІКІР (1)

  1. 🕔2015-06-06 20:02:28

    Haroldpn

    Интересная статья, понравилась, лайк, если будет также время и интересно посмотреть на 5 красивых моделей, который сейчас проходят отбор за лучшую, то зайди на эту страницу и проголосуй, голосование идет с 03.06.2015 до 15.07.2015 Помоги определить самую красивую девушку, посмотри каждое фото в большом размере! [url=http://vk.cc/3RDtqJ]http://vk.cс/3RDtqJ[/url]

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қаз 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

9

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея