«Адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы екпе егу» бойынша Түркістан облысындағы барлық аудандарда ақпарттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жуырда Түркістан облысына қарасты Келес ауданында Омар Есімов атындағы жалпы орта мектебінде жалпы ата-аналар жиналысында түсіндірме жұмысы жүргізілді. «Абай» Келес аудандық ауруханасы иммунолог дәрігері П.Өтенова баяндама жасап түсіндірме жұмысын жүргізді.
Кездесуге қатысқан ата-аналардың 90 пайыздан астамы вакцинацияны қолдайтындықтарын білдіріп, балаларына адам папилломавирусына қарсы екпе жасатуға ниет білдірді. Иммунолог осы вирус тудыратын жатыр мойны, тік ішек, тамақ және басқа да қатерлі ісіктерден қорғау үшін АПВ-ге қарсы вакцинацияның маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ вакцинацияның тиімді және қауіпсіз екенін және 11-12 жаста ұсынылатынын түсіндірді. Мектеп өкілдері мен ата-аналар денсаулық сақтау саласындағы ағарту мен профилактиканың маңыздылығын атап өтіп, құнды ақпарат пен шараны ұйымдастырғаны үшін дәрігерге алғыстарын білдірді. Жиында жалпы екпеге қатысты мәселелер де талқыланып, жұқпалы аурулардың алдын алудың тиімді жолдарының бірі ретінде вакцинация туралы халықты ақпараттандыру және ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу қажет екендігі айтылды.
АПВ-ге (адам папилломавирусы) қарсы вакцинация жатыр мойны обырынан қорғауға көмектеседі, өйткені бұл вирус осы қауіпті аурудың дамуының негізгі себебі болып табылады. Вакцинация екі кезеңде жүзеге асырылады және 26 жасқа дейінгі қыздарға да, әйелдерге де тиімді. Сонымен қатар, жүйелі медициналық тексерулер жатыр мойны обырын әлі де оңай емдеуге болатын ерте кезеңдерінде анықтауға көмектеседі. Сондықтан гинекологпен жүйелі тексерулерді өткізіп алмау маңызды.
Әйелдер арасында жатыр мойны обырының алдын алудың маңыздылығы туралы хабардар ету және тегін вакцинациялау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды қолдау осы қауіпті дертке шалдыққандардың санын айтарлықтай азайтып, көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Қазіргі әлемде ақпарат орасан зор рөл атқарады және оған қолжетімділік барған сайын маңызды бола түсуде. Адам қоғамда тиімді жұмыс істеу үшін соңғы жаңалықтардан, трендтерден және оқиғалардан хабардар болуы керек. Соның бірі осы қауіпті аурудың алдын алу туралы жан жақты ақпараттармен д танысуға болады. Интернет көптеген адамдар үшін деректер мен материалдардың үлкен көлеміне қол жеткізуді қамтамасыз ететін негізгі ақпарат көзіне айналды. Тіпті жалған ақпарат берушілер де бой көрсетіп қалады. Түрлі бағыттағы негізсіз ақпарат көздеріне медицина мамандары сенбеуге шақырады. Тек ресми дерек көздерден таралған яғни вакцинацияның тиімділігі туралы нақты ақпаратқа иек арту қажет.