Түркістан облысында күзгі жиын –терім науқаны аяқталуға жақын. Күні бүгінге дейін өңірдегі ала жаздай еңбек еткен ағайын мақта мен күріштен басқа барлық өнімді жинап үлгерген. Қазір ақ алтынның 60, ал күріштің 70 пайыздайы жиналған. Сонымен қатар биыл, облыста көкөніс, картоп және бақша өнімдерінен рекордтық түсім алынды, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы.
Биыл өңірдегі 807 мың гектар жерге соқа тиген. Оның, 227 мың геатарына жүгері егілсе, 114 мыңына бақша дәнінің тұқымы егілген. Алынған өнім көлемі де жоғары.Биыл, дихандар масақты дақылдардың әр гектарынан 18 ал, жүгеріден орташа есеппен өнім жинаған.
Нұрбек Бадырақов – Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы
Облыстағы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 9 айдың қорытындысымен ауыл шаруашылық саласында жалпы көлемі 273 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 103,8 пайыз құрап, республика бойынша 3-ші орынды иелендік. Жыл соңына дейін жоспар бойынша 570млрд теңгенің өнімін өндіру және 1 жұмысшыға шаққанда 2,1 млн теңгені құрайтын болады.
Биыл өңірімізде ет экспортының да әлеуеті артқаны байқалады. Өткен 9 айда өңірде 4600 тонна ет өндіріліп, көрші Өзбекстан,Иран және БАӘ экспортталған.Бұл — республика бойынша экспортталған ет өнімдерінің 55 пайызын құрайды. Облыс дихандары озық технологияларды қолдану бойынша да көш бастап тұр. Мәселен,республикадағы жылыжайлардың 77, тамшылатып суғару әдісінің 73 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Биыл тағы да 126 гектар жерге қосымша жылыжай салынып, жалпыкөлемі 1285 гектардан асты. Сондай-ақ тамшылатып суғару әдісі де 6400 гектарға ұлғайып,жалпы көлемі 64 мың гектарға жетті. Өткен 9 айдың қорытындысы бойынша облыстағыауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі 10 млрд теңгеден асып отыр.
Нұрбек Бадырақов – Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы
Енді өңірде ветеринария саласына көп көңіл бөлінетін болады. Ол үшін арнайы заң әзірленіп жатыр.
М. ЖАРЫЛҚАСЫН