Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында Түркістан облысы Полиция департаменті мамандары ұдайы арасын үзбей арнайы іс-шаралар ұйымдастырып тұрады. Жасөспірімдерді түрлі қылмыстардан сақтандыруды да басты назарда ұстайды. Алдын алу шараларын жүргізудің де өзіндік нәтижелері бар. Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, жеке құрамға арнайы тапсырма беріп, аталмыщ бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды. Осының негізінде облыс полицейлерімен 27-29 маусым күндері аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Алғашқы күннен ақ тәртіпке бағунды артық санайтындар қармаққа ілінді. Әсіресе ата-аналардың өз балаларын түнгі уақытта қала кезіп қыдыруға жіберетін бейғамдығы алаңдатады. Аталмыш шараның алғашқы тәулігінде полицейлер — 622 объектіні тексеріп, кәмелетке толмағандар саласына қатысты 186 әкімшілік құқық бұзушылық анықтады. Нақтырақ айтар болсақ, балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 14 ата-ана Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабы, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүргені үшін 20 ата-ана Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 442-бабы 1-бөлігімен , кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүруі бойынша 129 ата-ана Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 442-бабы 2-бөлігімен анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Ал түнгі уақытта жасөскіндерді ғимаратқа кіргізгені үшін нысан иелері де жазасыз қалған жоқ. Түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында болуына жол берген 11 ойын-сауық орындарының иелеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабы бойынша әкімшілік хаттама түзіліп, жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жасөспірімдер жүруі мүмкін аумақтар да назардан тыс қалған жоқ. Яғни, дүкендер мен сауда орындары, ойын-сауық нысандары тиянақты тексерілді. Түсетін пайданы ғана ойлап заңға бағынғысы келмейтін кәсіпкерлер де жазадан тыс қалған жоқ. Нәтижесінде кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімін сатқан 5 тұлға анықталып, оларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 200-бабы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша және 21 жасқа толмаған адамға темекі өнімін сатқаны үшін Қазақстын Республикасының Әкімішілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 423-1-бабы «Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату» бойынша 4 тұлғаға әкімшілік шара көрілді. Бұдан бөлек түнгі тексерулер кезінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 3 жасөспірім ұсталып, Қазақстын Республикасының Әкімішілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабы «Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық» бойынша жауапкершілікке тартылды. Арзан жұмыс күші ретінде кәсіпкерлердің бірәзы жасөспірімдерді жұмысқа алатыны жасырын емес. Әсіресе көлік жуу орындары, кондукторлықты кәсіп етіп алған балалар да жоқ емес. Әрине ол үшін заң ешкімнің де басынан сипамайды. Жастарға жұмыс берген нысандар да жіті тексерілді. Оның аясында балалардың еңбегін пайдалану бойынша 24 дерек тіркелді. Оның ішінде еңбек шарттары түзілмеген 23 дерек анықталды. Ал бір бала қайыршылық жасау бойынша анықталды.