Роботтандырылған ферма Түркістан облысында сүт өнімдерінен өнім өндіретін кәсіпорындар аз емес. Төлеби ауданындағы Көксәйек ауылында орналасқан «Фуд мастер», Ордабасы ауданыдағы «Бөрте милка» бүгінде тұтынушыларының көңілінен шығып үлгерген. Әрі сұранысы ең көп өнімдер қатарында. Әсіресе «Фудмастердің» қаймағы мен «Бөртенің» құртын іздеп жүретіндер көп. Жоғары технологиямен жабдықталған «Бөрте Милка» тәулігіне 15 тонна сүтті өңдеуге қауқарлы. Мұндағы өнімнің бәрі швед технологиясы бойынша өндіріледі. Өндіріс орны өңірдегі жалғыз роботтандырылған сүт-тауарлы ферма болып саналады. Ферма шведтің DeLaval және голландтық Lely компаниясының ең заманауи технологиясын қолданып соғылған. Ақылды технология адам күшін аса қажет етпейді. Мұнда қаймақ пен айран, сары май, құрт, балмұздақ және балаларға арнап «Бөрте Милка» йогуртының 5 түрін шығарады. Бәрінің де дәмі тіл үйірерлік. Балмұздағы анау мынау шетелідк өнімді жолда қалдырады. Ашылған күннен бастап шағын фермерлерден де сүт қабылдай бастаған. Олармен арнайы келісімшарт жасалған. Мұнда барлық жұмыс адам қолымен емес, роботтардың көмегімен атқарылады. Инновацияның соңғы жетістіктерін көріп отырған фермада салқындату және жарық жүйесі, камера орнатылған. Фермдағы барлық жұмысты ақылды роботтар атқарады – сиыр сауады. Тұрған орнын тазалайды. Қара малдың қанша жем жегені мен шөп жегені де бақылауда. Сиырдың қаншалықты тойғанын да аппарат анықтайды. Мұнда Гольдштейн Фриз тұқымдас 480 сиыр бар. Асылтұқымды малға бірегей коды бар чип орнатылған. Сауын сиыр туралы ақпарат компьютерге түседі. Адамның көмегінсіз 8 робот-сауыншы 480 сиырды сауады. Әр сиырдан тәулігіне 30-40 литр сүт сауылады. Осылайша бір тәулікте шамамен 15 тонна сүт жиналуда. Қысқаша айтқанда мұнда қара малға барынша жағдай жасалынған. Ыстық суықтан сақтайтын жүйе, тұрған жері тап-таза. Заманауи фермадағы малдың жай күйі жақсы. Мұнда салқындату жүйесі, метеостанциясы бар желдеткіш жүйесі, күндізгідей жарық жүйесі бар. Кәсіпорынның өз селекция және генетика орталығы бар. Голштино-фриз тұқымын алғашқыда Венгриядан әкелген болса, қазіргі таңда өз жерімізде бұзаулар өсірілуде. Мұнда тартылған инвестиция көлемі 4,5 млрд теңгені құрайды. Қаншама жылдық еңбек, ойластырылған жүйе бәрі бәрі нәтижелі жетістікке жеткізді. Бүгінде «Бөрте милканың» атағы алысқа кеткен. Мұнда өндірілген өнімнің өтпей қалған кезі жоқ. 2016 жылы «Жылдың үздік кәсіпкері», «Озат инвестициялық жоба», 2017-2018 жылдары қатарынан «Үздік инновациялық жоба», 2019 жылы «Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудің үздігі», «Жыл бренді» номинацияларын және бірнеше номинацияларды жеңіп алған, ал биыл Қазақстанның үздік тауары республикалық көрме-байқауына Түркістан облысынан қатысып жатқан ЖШС «Бөрте-Милка» сүт фермасы елімізде инновацияны тиімді қолданып отырған бірегей кәсіпорын, — деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев. Сұраныс артқан соң нарықты бос қалдырмау керек. Сондықтан да биыл компания басшысы бесінші ферманы салуды жоспарлап отыр. Ол ферма моделі алдыңғы фермалардан ерекше етіп, онда төрт робот жұмыс жасап, тәулігіне 22 тонна сүт өндіреді деп күтілуде. Түркістан облысының экокномикасына өкірте үлес қосып отырған компанияға шетелден де көптеп сұарынс түседі.