Қайта өңдейтін кәсіпорындар қатары толықпақ Бүгінде Түркістан облысының біраз аудандарында мақсары өсіріліп жатыр. Күнбағыс және мақта майынан кем түспейтін мақсары майы өндіріледі. Әрі оның қалдығын да кәдеге жарататындар бар. Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында мақсары дақылдары егілетін қомақты жер – 12 мың гектарды құрайды. Өткен жыл құрғақшылыққа байланысты биылғыға қарағанда табысты болды. Соған қарамастан әр гектардан 9,8 центнерден өнім жиналды, бұл центнерге жуық жоғары. Қайта өңдеушілер шикізаттың тоннасын шаруа қожалықтарынан 130 000 теңгеден сатып алады. Өңірімізде өсірілетін мақсары дәнінің сапасы жоғары – май шығымы 20 пайызға дейін жетеді. Процессорда малды азықтандыруға кететін шрот бар. Өнімді өңдейтін кәсіпорын Шымкентте және Ақсукентте орналасқан. Расында мақсары бұтасының барлығы дерлік өнімімен бизнеске пайдалы, қалдықсыз өнім деуге болажы. Оның тіпті жапырақтарына дейін «майлы», оны мал жейді. Үкімет тарапынан биылдан бастап мақсары өнімдерін өңдеуді субсидиялай бастағандықтан, алдағы уақытта өңірімізде кәсіпорындар санын көбейту мәселесі туындап отыр. Әзірге жеті ғана. Сонымен, инвестицияның тағы бір саласы – өңдеу өнеркәсібінің нысандарын салу, жаңа жұмыс орындарын ашу ісі қолға алынбақ. Мемлекеттік қолдау биылдан бастап жұмыс істей бастайды. Қайта өңдеу кәсіпорнына тапсырылған шикізаттың әр тоннасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 15 мың теңгеден төленеді. Осылайша, республикада өңдеу өнеркәсібінің дамуы, азық-түлік қауіпсіздігінің нығайтылған базасының құрылуы ынталандырылады. Өйткені, мақсарыдан тек май ғана емес, тамақ және парфюмерия өнеркәсібінің көптеген өнімдері де алынады. Қазір облыста мақсары орағы жақсы өтті. Майлы дақылдар егілген 78 мың гектар алқаптың 52 мыңын комбайн орып бітірді. Алдын ала өнім гектарына 8,4 центнерді құрап отыр. Мақсарыдан бұдан да жақсы өнім алған аймақтар бар. Ордабасын және Түлкібас – гектар қайтарымы 10,5 центнерден асып отыр.