Екібастұз қаласында еліміздегі тұңғыш балалар дубляж студиясы ашылды, мұнда оқушылар шетелдің танымал мультфильмдерін өздігінен қазақшаға аударып, дыбыстайды. бұл туралы Оқу ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Дубляждау студиясының негізін қалау «Қайнар» оқу-сауықтыру кешенінің педагогы Еркін Құсанның идеясымен жүзеге асқан. «Былтыр мамыр айында «Ұлттық колорит» үйірмесін ашып, мемлекеттік тілдегі медиаконтентті іске қостық. Жазғы демалыс уақытында «Бэймакс» мультфильмінің бірінші бөлімін қазақ тіліне тәжімалап, дыбыстап көрдік. Мыңдаған қаралым жинаған нәтиже көрерменге де, өзімізге де ұнады», – дейді педагог. Дайын жоба «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына ұсынылған болатын. Жоба үздіктердің қатарынан көрініп, 3 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік грантты ұтып алды. Бұл қаражатқа педагог оқушыларымен бірге 50 жеткіншек қатыса алатын жаңа дубляждау студиясын ашып, жабдықтаған. Бүгінде дубляж қыр-сырын меңгеріп жүрген оқушылар жаңа бастамаларды ойластырып жүр. Атап айтқанда, шетелде үздік деп танылған «Сәттілік» мультфильмін қазақ тілінде дыбыстап, жергілікті кинотеатрда көрермен назарына ұсынбақшы. Сондай-ақ топ алдағы уақытта еліміздің анимациялық студияларымен бірлесіп жұмыс істеуді де жоспарлап отыр.