Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында өнеркәсіп саласында былтыр 68 кәсіпорынмен 57,5 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 105,8%-ды құраса, биылғы жылдың 3 айында 10,9 млрд.теңге өнім өндірілген. Ауданда басымдық өңдеу саласы дамып келеді, өнеркәсіптегі үлесі 80%. Өндірістік әлеуетті дамыту мақсатында 2023 жылы өңдеу өнеркәсібі бағытында 10,0 миллиард теңгені құрайтын жаңа 9 инвестициялық жобаны іске асыру пысықталуда. Яғни, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін 3 зауыт құрылысы мен темірбетон, газоблок және мұнай өнімдерін өңдейтін зауыт жобалары бойынша 319 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Оның ішінде ірі жобалар: ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін «Туран Агро ет-сүт» АШӨК, «Samid Master» ЖШС, «Маслозавод TURKISTAN» ЖШС және газоблоктар шығаратын «Eco Building Group» ЖШС-нің жобалары. Өнеркәсіп саласының тұрақты дамуын және инвестициялық жобалардың іске асырылуына қолдау көрсете отырып, биыл өнім көлемін 64 млрд.теңгеге жеткізуге жұмыс жасалатын болады. Аудан экономикасына 39,5 млрд.теңгеге инвестиция тартылып, 10,7 млрд.теңгеге артығымен орындалған. Тартылған инвестицияның 82%-ы жеке инвестиция. Соңғы жылдары жеке инвестиция көлемінің өсу қарқыны сақталып, 2,0 есеге артқан. Жалпы, тартылған инвестицияның жылдық жоспары 114,5%-ға артығымен орындалды. Ал, 3 айда ауданға 5,9 млрд.теңге инвестиция тартылған, жалпы биыл 40,5 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарда. Яғни, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, агрокешендерді дамыту, тамақ өнеркәсібін дамыту, құрылыс индустриясы, сауда, қызмет көрсету бағытында 2023-2027 жылдары құны 94 млрд.теңгені құрайтын 95 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының экономиканы дамыту мақсатында жаңа өндірістер ашып, жаңа жұмыс орындарын құру үшін инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру жөнінде берген тапсырманы орындау бағытында жұмыстар жүргізіледі. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны бүгінгі таңда 20 мыңнан асып, оларда 27,8 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған, 38 млрд.теңгенің өнімі өндірілген, өсім 18%. Биылғы жылы жобаға 7272 азаматты тарту жоспарланған. Жыл басынан жоба аясында 450 адам жастар практикасына, 1543 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 87 адам алғашқы жұмыс орындарына жолданса, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 110 азаматқа 151,8 млн.теңге мемлекеттік грант қарастырылды. Былтырғы жылы 224 адамға мемлекеттік грант берілген болатын. Қазіргі таңға, 27 азаматқа грант қаржысы беріліп, өз кәсіптерін ашты. Сонымен қатар, 21-35-жас аралығындағы 30 азаматқа жылдық сыйақы мөлшері 2,5% құрайтын микрокредит беру жоспарланған. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында былтыр 2 мыңнан астам жұмыс орындары ашылып, жоспар 178%-ға артығымен орындалған болатын. Биылғы жылы да 2171 жаңа жұмыс орнын ашу міндеттелген, 3 айда 649 жаңа жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы басталды. Жоба аясында аясында скрининг жүргізіліп, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы және өзге кәсіппен айналысуға Ақбұлақ және Жібек-Жолы ауылдық округтерінен 244 (Ақбұлақ-121, Жібек-Жолы-123) тұрғынға 1,0 млрд теңгеге дейін жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие алуға ниеттілер анықталды. Бүгінгі таңға 62 азаматтың құжаттары тексеруден өтті, сүт пен құс шарауашылығын дамыту бағытында 2 кооператив ашылды («Ақбұлақ-ӨНІМДЕРІ» АШӨК, «Бес көше өнімдері» АШӨК). Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» бағдарламасына қосымша қаржы бөлінуіне орай аудан бойынша қосымша Қайнарбұлақ, Көлкент ауылдарын қатыстыру жоспарлануда. 2023 жылға аудан бюджеті 18,5 млрд.теңге. Оның ішінде өзіндік кірістері 8,8 млрд.теңге немесе өзіндік кірістің үлесі 47,7%-ды құрайды (трансферттер 9 643,2 млн теңге, өзіндік кірістер 8 822,7 млн.теңге). Өзіндік кіріс үлесі 2021 жылы 14,7%, 2022 жылы 15% болған. Яғни, өзіндік кіріс 2023 жылы 2022 жылға қарағанда 3,3 млрд.теңгеге өскен.