Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданында өнеркәсіп өнім көлемі өткен жылы 1 млрд. 387,3 млн. теңгеге немесе 100,7% пайызға (жылдық жоспар 1 301,8 млн. теңге), ал 2023 жылы 3 айда 157,6 млн. (101,3%) теңгені құрады(жылдық жоспар 1 млрд. 549,7 млн. теңге).Былтыр тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5 011 бірлікті құрап, оның ішінде жұмыс жасайтын шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4 932-ге жетті (2021 жылғы кезеңмен салыстырғанда 112,4 % құрады). 2023 жылы тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5 535 бірлікті болса, оның ішінде жұмыс жасайтыны 5465-ке жетті (2022 жылғы тиісіті кезеңмен салыстырғанда 115,4 % құрады). Ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «Ауыл Аманаты» пилоттық жобасына қатысушы ретінде ауданнан жалпы саны 4 ауылдық округ тіркелді (Негізгі қатысушылар — Ақбастау, Алғабас, қосымша қатысушылар – Борлысай, Көктерек). Аталған несиені алуға 136 жеке тұлға ниет білдірсе, 20 жеке тұлғаның жоба құжаттары толық жинақталып, қаржы ұйымының комиссия отырысына ұсынылуда. Алғабас ауылдық округінен мал шаруашылығы бағытындағы «Арыстанды Агро» АШӨК (ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі) құрылды. Құрамында мүшелікке кіруге ниетті жалпы адам саны – 58 жеке тұлға болса, бүгінгі күнге дейін заңды тіркелгендер саны – 53. «Ырыс» МҚҰ мамандарымен бірге несие алуға ниетті жеке тұлғалардың әлеуметтік жағдайы бағаланып, 12 жеке тұлғаның құжаты толық дайындалып комиссия отырысына қаралуға жолданып, 10-ы оң қорытынды алды. Одан бөлек 7 жеке тұлғаның жоба құжаттары толық жинақталып, қаржы ұйымының комиссия отырысына ұсынуға дайын. Ақбастау ауылдық округі бойынша мал бордақылау және сүт бағытындағы «Майлы- 7» АШӨК құрылды. Құрамында мүшелікке кіруге ниетті жалпы адам саны – 83 жеке тұлға болса, бүгінгі күнге дейін заңды тіркелгендер саны – 33. 83 жеке тұлғаның 16-сүт бағыты, 67–мал бордақылау бағытында несие алуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда 13 жеке тұлғаның жоба құжаттары толық жинақталып (6-сүт бағыты, 7 – мал бордақылау), қаржы ұйымының комиссия отырысына ұсынуға дайын. 2023 жылы іске қосылатын жалпы жобалар саны – 11. Оның ішінде агроөнеркәсіп бағытында – 6 жоба, қайта өңдеу мен кәсіпкерлік саласы – 2 жоба, туризм бойынша қызмет көрсету орындары — 3 жоба. Жалпы жобалар құны — 3 млрд. 743 млн.тг. Жаңадан ашылатын жұмыс орны саны – 99. Аудан аумағында ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланатын жер көлемі 556 171 гектар. Жоспарға сәйкес, ауданда 2022 жылы ортақ жайылым жерлерді кеңейту мақсатында жайылым жер иелерімен өзара келісімге тұру арқылы меморандум түзу көрсеткіші 76,1 мың гектар тапсырмасы беріліп, нақты 95 408,57 гектар жайылым жер иелерімен 176 меморандум түзіліп (аудандағы жайылым жерлердің 24,5 пайызы) жоспар 125 пайызға артығымен орындалды. Мемлекет меншігіне қайтару жоспары 59,3 мың гектарды құраса, 61 мың гектарға 102%-ға тапсырма толығымен орындалды. Анықтама үшін: 2023 жылы облыс прокурорының, облыстық жер қатынастары басқармасы, жер ресурстарын басқару департаментінің және жер қатынастары бөлімі өкілдерінің бірігіп, жер телімдеріне талдау жүргізу нәтижесінде 164,5 мың гектар ортақ жайылым жетіспеушілігі анықталды. Ағымдағы жылы жерлерді мемлекет меншігіне қайтарудың жылдық жоспары — 20 мың гектар, оның ішінде 3 айға бекітілген жоспар 2 мың гектар болса, тапсырма толық орындалды. Одан бөлек, аудан бойынша 2009-2017 жылдары аралығында конкурссыз берілген 12 жер пайдаланушыға тиесілі 2925,4 гектар жер телімдері облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне ұсынылып, департамент тарапынан сотқа жолданды. Қазіргі таңда сот процесі жүргізілуде. «Ұлттық жоба» аясында 2022 жылы 1992 азамат уақытша және тұрақты жұмыспен қамтылса, ағымдағы жылы 3 айда 1067 азамат жұмысқа орналасып отыр. — «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамытуға арналған Ұлттық жоба» аясында 2022 жылы 1075 азамат, 2023 жылы 3 айда 212 азамат бос және жаңа жұмыс орындарына орналасты. — Өңірлік жұмыспен қамту картасымен аудан бойынша 26 жобаға 187 азаматты тұрақты және уақытша жұмыспен қамту жоспары бекітіліп, сәуір айында 27 азамат жұмысқа тартылды. — 2022 жылы «Ұлттық жоба» аясында уақытша жұмыстармен 917 азамат, ағымдағы жылы 3 айда 828 азамат қамтылып отыр. 2022 жыл қорытындысымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс тапсырмасына сәйкес жылдық жоспар 301 адамды (16-62 жас аралығындағы халық саны 30 111) қамту болса, 366 адам (121,6%) жұмыспен қамтылды. 2023 жылы жылдық жоспар 652 адамды қамту болса, 3 айда 122 адам (18,7%) жұмыспен қамтылды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға былтырғы жылы 80 азаматқа (98 млн. 16 мың теңге) мемлекеттік гранттар берілсе, ағымдағы жылы 80 азаматқа грант тағайындау жоспарланып, 3 айда 20 азаматқа (27 млн. 600 мың теңге) мемлекеттік гранттар берілді. 2022 жылы алғашқы жұмыс орны – 20 адам (15 млн. 73 мың теңге), мемлекеттік грант — 80 адам (98 млн. 16 мың теңге) әлеуметтік жұмыс орындары – 115 азамат (28 млн. 350 мың теңге), жастар практикасы – 220 азамат (73 млн. 585 мың теңге), ақылы қоғамдық жұмыстарға – 462 азамат (139 млн. 55 мың теңге), күміс жас — 16 (5 млн. 857 мың теңге) 2023 жылы алғашқы жұмыс орны – 6 адам (5 млн. 796 мың теңге), әлеуметтік жұмыс орындары – 175 азамат (10 млн. 710 мың теңге), жастар практикасы – 41 азамат (53 млн. 560 мың теңге), ақылы қоғамдық жұмыстарға – 570 азамат (75 млн. теңге), күміс жас – 36 (11 млн. 282 мың теңге) Шаян ауылынан 170 гектар (1160 учаске) жер теліміне инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым жүйесінің жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде. Аталған инфрақұрылым құрылыстары аяқталғанда кезектегі жалпы 1495 азамат үй іргелік жермен қамтамасыз етіледі. Шаян ауылынан 100 000 кітап қорына арналған орталық кітапхананың, Ағыбет ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінің және Бәйдібек ата елді мекенінен дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыстары жүргізілуде. Аудандағы 51 елді мекеннің 43 елді мекені (84,3 пайызы) орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. 1 елді мекенде (Ақжар ауылы), жаңа ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2 елді мекенде (Жаңаталап, Жұлдыз), жаңа ауыз су жүйелерінің құрылысын жүргізуге облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тарапынан жер асты су қорына зерттеу жұмыстарын жүргізуге ұсыныс берілген. 5 елді мекен (Қызылжар, Үсіктас, Шұқыршақ, Байжансай, Нұра) шалғайда және халық саны аз экономикалық жағынан тиімсіз болғандықтан Түркістан облысының 2022-2026 жылдарға арналған елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарына сәйкес, жер асты суын тазартатын модульдік қондырғылар орнату жұмыстары көзделіп отыр. Сонымен қатар, 3 елді мекенде (Шаян, Сарқырама, Шақпақ) ауыз су жүйелерінің тозығы жетуіне байланысты қайта құру (реконструкция) жұмыстары жүргізілуде. 2 нысан (Шаян, Сарқырама) ағымдағы жылдың шілде айында пайдалануға беру жоспарлануда. Ал Шақпақ елді мекені 2024 жылға өтпелі. Ақбастау елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын жүргізуге әзірленген ЖСҚ-ны 2023 жылға облыстық бюджетке қаржыландыруға өтінімі ұсынылды. Боралдай елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын жүргізуге әзірленген ЖСҚ-сы мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Сонымен қатар 8 елді мекеннің (Ағыбет, Шалдар, Бәйдібек ата, Кеңестөбе, Тайманов, Түйетас, Жамбыл, Мыңбұлақ) ауыз су жүйесін қайта құру жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге қажетті қаржылары аудан бюджетінен қарастырылды.