Бүгін «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру мақсатында құрылған жұмысшы топ мүшелері – Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық партия филиалының төрағасы Арман Басаров, қалалық кәсіпкерлік, туризм және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Төрехан Сүлейменов, бөлім маманы Диана Бапсултан, «Ырыс МҚҰ» ЖШС аймақтық несие сарапшысы Диас Мырзабаев, Хантағы ауылы әкімі аппаратының бас маманы Светлана Абированың қатысуымен ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың тікелей тапсырмасы негізінде және биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы аясында «Ашық есік» күнін өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Ауыл Аманаты» бағдарламасына алдыңғы кезекте Кентау қаласы бойынша 2 ауыл, яғни Хантағы және Қарнақ ауылдары енген. «Ауыл Аманаты» жобасын мерзімді жүзеге асыру мақсатында қажетті шараларды қабылдау үшін жұмысшы топ құрылған. Аталған бағдарлама аясында құрылған топ тарапынан «Ауыл Аманаты» жобасына енген ауыл тұрғындарына бағдарлама басталғаннан бүгінгі күнге дейін бірнеше кездесулер өткізіліп, толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. — деді Арман Басаров. Төрехан Сүлейменов — «Бұл бағдарлама негізінен ауыл шарушылығын өркендетуге басымдық береді. Несие алу үшін ауыл тұрғындары ауыл әкімдіктеріне өтінім білдіру қажет. Ауыл әкімдіктері тұрғындар несие алғанша толық сүйемелдеу жүргізеді. Несие алушылар – ауылдық елдімекен тұрғындары және зейнет жасынан аспауы тиіс. Бүгінгі күнге, Қарнақ ауылы бойынша: сүт бағытында «Жаннат-2020» кооперативі құрылып 40 адам мүшелікке енді. Құс бағытында «Тажитдин Ата» кооперативі құрылып 23 адам мүшелікке енді. Қосымша 12 тұрғын кооперативке мүшелікке енуге ниет білдіруде. Хантағы ауылы бойынша: етті бағытта «Хантағы береке» кооперативі құрылып 23 адам мүшелікке енді. Қосымша 11 тұрғын кооперативке мүшелікке енуге ниет білдіруде- деп түсіндіріп өтті. Кентау қаласы бойынша осы бағдарлама аясында құрылған қалалық жұмысшы топ мүшелері және «Ырыс» микроқаржы ұйымының өкілі тарапынан құжаттарды қарау күнделікті жалғасуда. Жоба шеңберінде жеке қосалқы шаруашылық пен жеке кәсіпкерлер үшін 8 625 000 теңгеге дейін, ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері үшін 27 600 000 теңгеге дейін несие беріледі. Микрокредит мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы жобаларына 7 жылға дейін беріледі. Жылжымайтын кез келген мүліктің 70 пайызы бағаланады. Несиені өтеуге берілетін жеңілдік кезеңі – 12 айға дейін. Бұл бағдарламаның несие алушы ауыл тұрғындарының ауыл шаруашылығы кооперативіне бірігудің пайдасы көп. Себебі бұл арзан бағамен жем сатып алуға, жер жыртуға, қоқыс шығаруға, арнайы техникаларды пайдалануға мүмкіндік береді. Айта кету керек, «Ауыл аманаты» жобасы 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда Кентау қаласы бойынша бағдарлама шарты негізінде тізімге сәйкес жинақталған құжаттар саны 117, оның ішінде 44 құжаттан кемшіліктер анықталып қайта дайындалуда. Ал 39 құжат «Ырыс» МҚҰ – на қарауға ұсынылып, 15 құжат мақұлданып отыр.