Бүгінде мал шаруашылығы саласы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің шамамен 40 пайызын құрайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ірі қара мал басы 8,5 млн басты құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 4,2% — ға артық, қой 4,8%-ға 19,5 млн дейін, жылқы 10,5%-ға 3,8 млн басқа дейін ұлғайды, түйе 6,5%-ға ұлғайып, 259,1 мың басты құрады, құс 4% және 49,8 млн басқа жетті. Мал шаруашылығының дамуы тікелей малдың басының санына байланысты. Мал шаруашылығы саласында Түркістан облысы бойынша мал мен құс басының және де мал шаруашылығының өнімі өсуі байқалады. Өңірдегі шаруашылықтың барлық санаттарында ірі қара малдың саны 3,4%-ға артып және 1082,9 мың басты құрады, қой мен ешкілер — тиісінше – 3,3%-ға және 4754,9 мың, жылқы – 4%-ға және 366,7 мың, түйе – 10,6%-ға және 37,3 мың басты құрады, сонымен қатар құс – 3,3%-ға артып және 2148,5 мың басты құрады. Білікті кадрлардың арқасында фермерлер еңбек тиімділігін арттыру және саланы техникалық қайта жарақтандыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр. Орасан зор табиғи бәсекелестік артықшылықтары бар еліміз үшін мал шаруашылығын дамыту Қазақстанды әлемдік нарыққа мал шаруашылығы өнімдерін ең ірі жеткізушіге айналдыра алатын негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Саланың кадрлық әлеуетін, бар күш-жігері мен білімін өнімді әрі табысты мал шаруашылығын дамытуға жұмсаған мамандар еліміздегі мал шаруашылығының одан әрі қарқынды дамуына серпін беретіні сөзсіз.