Жуырда Түркістан қаласының Абай атындағы кітапханасы мен Сауран ауданы мен Түркістан қаласы тілдерді дамыту және оқыту орталығында «Мемлекеттік тіл саясаты; басым бағыттар мен міндеттер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің рөлін күшейту және оның ғылым мен білім саласында қолдану аясын кеңейту шараларын талқылау. Дөңгелек үстелде жергілікті билік өкілдері, ғалымдар, ұстаздар, қоғам қайраткерлері сөз сөйледі. Олар ғылым мен білім саласындағы мемлекеттік тілдің бүгінгі жай-күйін талқылап, қордаланған мәселелерді шешу жолдарын да атап өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік тілді дамытуға мемлекеттік қолдау көрсетудің маңыздылығын және оның қоғам өмірінің барлық саласында толыққанды қолданылуына жағдай жасау қажеттігін атап өтті. Мемлекеттік тіл тек қатынас құралы ғана емес, ұлттық болмыс пен мәдени мұраны сақтаудың маңызды факторы екені айтылды.
Дөңгелек үстел барысында ғылым мен білім саласындағы мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірленді. Мемлекеттік тілдің рөлін күшейту және оның ғылым-білім саласында қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға атсалысу, алдағы жұмыс туралы тың пікірлер жинақтау, алдын ала жоспарланған шараларды қабылдау және тіл тазалығын сақтау. Ғылым мен білім саласындағы мемлекеттік тілдің ұстанымын нығайту. Ғылым мен білімнің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту. Іс шараның алғы сөзін Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының бас маманы Исатай Гүлмира ашып берді. Ол өз сөзінде: «Бүгін біз мұнда мемлекеттік тілдің ғылыми-білім беру саласындағы рөлін күшейтуге қатысты өзекті мәселелерді талқылау үшін жиналдық. Өз сөзінде Абай атындағы кітапхана ұжымы құнды ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтты. Олардың мемлекеттік тілді кеңінен насихаттаудағы тәжірибесі мен бастамалары ерекше назар аударуға тұрарлық. Бірге жұмыс істеп, бірлескен іс-шаралар өткізу мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деген сенімдемін», деді. Дөңгелек үстелдің қатысушылары арасында Абай кітапханасының қызметкерлері де өз ойларымен бөлісті және бірлесе жұмыс атқаруға, іс шараларды бірге өткізуге ұсыныс жасады. Қорытынды сөзді «Қазақ тілі»қоғамының директорының міндетін атқарушысы Ильяс Мәжитұлына берілді. «Бүгін біз ғылым мен білім саласындағы мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттауға қатысты кең ауқымды мәселелерді талқыладық. Абай атындағы кітапханадағы әріптестеріміздің сөйлеген сөздері осы саладағы ұжымдық жұмыс пен бірлескен іс-шаралардың маңыздылығын көрсетті. Бұл сөздер бізді өміріміздің барлық саласында мемлекеттік тілдің тұғырын нығайту жолындағы одан әрі жұмыс істеуге шабыттандырады. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қазақ тілінің дамып, өркендеуіне зор үлес қоса алатынымызға сенімдімін» деді. Сондай ақ, жуырда облыстық «Ұлы дала елі» орталығында әр түрлі сала мамандары арасында «Тіл шебері» облыстық байқауы өтті. Байқауда үш тілді жетік меңгерген аудан, қалалардағы әр түрлі сала мамандары бақ сынасты. Қатысушылар 3-кезең бойынша “ Елтаным”, “ Сөзтаным”, “Ойтаным” бақ сынасты. Байқауда аудан, қалалардан үш тілді меңгерген түрлі сала мамандары бақ сынады. Байқау үш кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар жазбаша, ал екінші кезеңде ауызша тапсырмалар орындады. Үшінші кезеңде қатысушылар «Елтаным», «Сөзтаным», «Ойтаным» бойынша сайысқа түсті. Байқау қорытындысы бойынша түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Тіл шебері» байқауы түрлі мамандықтар бойынша мамандардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру мақсатында жыл сайын өткізіліп келеді. Байқау қазақ тілін танымал етуге, оны жоғары деңгейде меңгерген мамандардың беделін арттыруға септігін тигізеді. Нәтижесінде Сауран өңірінен келген Кенжекова Салима Русланқызы өзінің біліктілігін жоғары деңгейде көрсетіп, арнайы дипломмен және сыйлықпен марапатталды. Бұл Сәлима Русланқызының қазақ тілін жетік меңгергенін және оның қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрін терең меңгергенін көрсетеді. «Тіл шебері» байқауындағы жеңіс оның еңбегі мен еңбекқорлығының лайықты бағасы. Сәлима Русланқызына қазақ тілінің танымал болуына, беделін арттыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Оның жеңісі – мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгеруге ұмтылған әрбір адамға үлгі. Байқауға қатысушылардың барлығы да жоғары дайындықпен келген. Кілең сен тұр, мен атайын дегендейі кіл мықтылар. Әділқазылар алқасына да нағыз мықұтыны анықтау оңайға соқпады. Ақыры білімді де білікті тіл маманы жеңіске жетті. Оның жеңісі нағыз жеңіс.
Связанные истории
18.11.2024
22699
18.11.2024
21301