scientist.kz. хабарлауынша Nazarbayev Laboratory –ның ғылым докторы Дана Ақылбекова қатерлі ісік жасушаларын қайта бағдарлаудың мүмкін екендігін дәлелдеп шыққан. Бұл туралы ҚР БжҒМ-нің Ғылым комитеті хабарлап отыр. Ашылған жаңалықтың арқасында қатерлі ісік жасушаларын сауықтыруға не болмаса олардың өсуін баяулатуға болады. 30 жастағы ғылым докторы физика және инженерия саласындағы өзінің білімі еліміздегі биомедицина саласындағы көптеген күрделі мәселелердің шешіміні табуына тетік болатынына сенімді. Дана Ақылбекова бұл туралы «біз әртүрлі концентрациялардың аталған клеткаларға әсер ететіндігін дәлелдей алдық. Бұл іргетастық білім алдағы уақытта қатерлі ісікке қарсы терапияда көмектесетін болады» дейді. Nazarbayev Laboratory ның қызметкері физик ғалымдар отбасында дүниеге келген. Докторантураның болашақ студенті ретінде ол инсулин бөліп шығаратын тірі клеткалардың полимерлі бөліктерін өңдеуге қатысқан болатын. Мұндай жаңалықтың арқасында инсулинді жарты жыл қолданбауға болады. Қазақ ғалымының жаңалығы талайларды таңдай қақтырары анық.
Связанные истории
06.01.2025
11684