Бүгінде уақыттың жылдам жылжитыны рас. Тіпті жер атты ғаламшарымыздың секунды сағаттарға айналып кеткендей. Дүйсенбі басталса апта бітіп қалады, апталар айларға ұласуда. Ал жыл мезгілдері де өз міндетін атқарып үлгермей жатып, келесісіне кезек беруде. Уақыттың соншалықты жылдам жылжуынан бүгінде 12 айымыз 9 айға тең екен деген «аңыздар» айтылуда. Тіпті бір білгіштер «бұрынғы 3 сағатымыз бүгінгі 1 сағатымызға тең» екен деп гуілдетіп жүр. Қалай дегенмен де от болмаса түтіннің де болмайтыны белгілі ғой, бір жағынан бұл рас та сияқты. Өйткені тұсауы жоқ уақыт шіркін сынаптай сырғып асыға алға басуда. Жуырда АҚШ-тың Калифорния штатындағы университеттің ғалымдары уақыттың неге сонша жылдам өтетіндігіне талдау жасап көрді. Sciense журналында адамдар жасы ұлғайған сайын өмірлік мәселелерді қаптатып алады, сосын соларды түзетемін деп ақ шаршап, соның салдарынан уақыттың қалай өтіп кеткендігін бағамдамайтындығы дәлелденгендігі жазылыпты. Жауабы жоқ өмірлік сұрақтардың салдарынан адамда тіпті бос уақыт қалмайтын көрінеді. Ал балалар үшін уақыт жылжымайтындай көрінеді екен. Бұл бір ғылым ордасының уақыт арнайтындай соншалықты маңызды жаңалық емес. Дегенмен расында бүгінде уақыттың соншалықты жылдам жылжитынын байқап жүрміз. Бәлкім бір күні мұның да нақты жауабы табылып қалар.
Связанные истории
06.01.2025
11629