Шымкенттегі Әл Фараби аудандық сотында қызық іс қаралды. Алаяқтық жолмен бизнесмендерден ақша жасамақ болған Нигерияның 2 азаматына бүгін сот үкім оқыды. 5 жылға бас бостандықтарынан айрылды. Дегенмен, сот жәбірленуші тараптың зардап шекпегенін ескере отырып жаза мерзімін 3 жыл 9 айға қысқартты. Қара нәсілділер елімізге арнайы жоспар бойынша өз ойларын жүзеге аырмақ болған. Ол үшін кәсіпкер іздейді. Көп ұзамай табады да. Түрмеде отырған басшыларының 10 миллион долларға жуық қаржысын шетел асырып, ортақ іс бастауға салуға дайынбыз деп сендіреді. Жергілікті кәсіпкер олармен әріптес болуға келіседі. Нигериялықтар жергілікті кәсіпкерге қара қағазды долларға қалай айналдыратынын іс жүзінде көрсетеді. Ол үшін екі қара қағазды алып ортасына 100 АҚШ долларын салып арнайы сұйықтықты жағады. Одан кейін мұздатқышқа салып қояды. Оны алып сүрткеннен кейін үш дана «таза» доллар пайда болады. Нигериялықтардың сыйқырының арқасында «дүниеге келген» долларды айырбастау орындары еш қиналмастан ауыстырып берген. Сөйтсе олар кәсіпкердің көзін ала бере шын долларды алмастырып отырған. Өздерінің «ақ адал жолмен» нан таппақ болып жүргеніне сенді деп ойлаған олар кәсіпкерге 9 миллион қара қағазды ағартайық деп қолқалайды. Ол үшін мың дана 100 долларлық тұпнұсқа ақша қажет екендігін айтыпты. Алайда істің шикілігінен сезіктенген кәсіпкер тиісті органдарға хабарлаған. Жәбірленуші мұның шикілігін сезіп ғаламтор арқылы ресейліктің камерундықтарға алданғанын оқығаны себеп болған. Олардың пәтерінен тек қара қағаз ғана табылды.
Связанные истории
06.01.2025
11684