Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында 5 қабатты екі тұрғын үйдің монтаждау жұмыстары басталды. Тұрғын үйлердегі пәтер саны 60. Оның ішінде бір бөлмелі 10, екі бөлмелі 20 және үш бөлмелі 30 пәтер бар. Кентау қалалық құрылыс бөлімі тапсырысы бойынша тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу электронды конкурс нәтижесі бойынша «Стройсервис–XXI» ЖШС-і жеңімпаз атанған. Қазіргі таңда аталған екі нысанда уақытша ғимараттар орнату, қоршау, котлован қаззу жұмыстары жалғасып жатыр. Биылдың өзінде қос нысанған 200 млн теңгеден қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын аяқтау 2018 жылға белгіленіп отыр. Аталған нысандар «Өңірлерді дамыту — 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтеретін болады.
Связанные истории
08.01.2025
5662