Шымкентте туристерге қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында «Мейрамханалық әдеп стандарты» тақырыбында 5 күндік семинар-тренинг өтуде. «Ontustik Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған ақысыз семинарға облыс орталығындағы 40-тан астам мейрамханалар мен кафе өкілдері, өз ісін бастаушы кәсіпкерлер және бір топ студенттер қатысты. Шара барысында мейрамхананың сауда бөлмесі мен ас ішу саймандарын пайдалану және келушілерге қызмет көрсету, залды даярлау, қарым-қатынас психологиясының негіздері төңірегінде тәжірибелік сабақтар өткізілуде. Семинар қатысушылары жоғарыда айтылған қызмет түрлерін іс жүзінде жүзеге асырып, білікті мамандардың ақыл-кеңесін тыңдады. Семинар аяқталған соң барлық қатысушыларға сертификаттар ұсынылады.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі