Рамазан айы қарсаңында мақтааралдық кәсіпкер, «Cotton мақта» ЖШС-ң директоры Абдухашим Боев көпбалалы екі отбасыға баспана сыйлады. Кәсіпкер екі үйді сатып алу үшін 26 миллион теңге қаржы жұмсаған. Сондай-ақ жомарт жан Мақтаарал, Жетісай аудандарындағы аз қамтамасыз етілген 200 отбасыға азық-түлік себетін үлестірді.
Айта кетерлігі, аудандық кәсіпкерлер мұқтаж отбасыларға үнемі көмек көрсетіп келеді. Тек Рамазан айында ғана емес, өзге уақыттарда да қайырымды жандар сауапты істерін тоқтатқан емес.