Еліміздегі экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы басталған болатын. Игі бастамаға төлебиліктер де қолдау білдіріп, аудан аумағында 29 600 дана көшет отырғызған. Сонымен қатар, өңірдегі кәсіпорындар, мекемелер өз аулаларында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырып, көгалдандыру жұмыстарын атқаруда.
Сондай-ақ, аудан көлемінде инфрақұрылым нысандарын бұзу, жасыл желектерді бүлдіру жағдайларын алдын алу жұмыстары қолға алынған. Өңірдің белсенді жастары, елдімекен тұрғындары мен мемлекеттік қызметкерлер ауқымды акцияда белсенділік танытуда.