Бүгінде Түркістан облысында көптеген күрделі оталар жасалуда. Түркістандық дәрігерлер көптеген шет мемлекеттерде білімдерін жетілдіріп, тәжірибе алмасуда. Одан бөлек, шетелдік білікті дәрігерлерді өңірге шақырып, шеберлік сағаттары да өткізілуде. Бұл өз кезегінде дәрігерлер үшін де, науқастар үшін де өте тиімді болып отыр. Науқастар теңіз асып, тау басып, шетелге сабылмай өз елімізде емделуде.
Күні кеше Түркістан қалалық ауруханада күрделі ота жасалды. Аталмыш ауруханаға 64 жастағы науқас жедел ишемиялық инсульт белгілерімен түсті. Облыстық аурухана нейрохирургтарымен консультациядан кейін отаға алу керектігі шешілді. Науқасты отаға алу барысында ортаңғы ми артериясының тромбозы анықталды. «Суперселективті церебральды ангиография, механикалық тромбоэкстракция ортаңғы ми артериясының М1 сегментінен ота жасалды. Артерия толық ашылды. Қан айналымы қалпына келтірілді. Ота алғаш рет Түркістан қалалық ауруханасында, Облыстық клиникалық аурухананың нейрохирургы С.Сапаковпен жасалды. Жедел ишемиялық инсультке сәтті хирургиялық араласу медициналық топ үшін маңызды жетістік және пациенттерге күтім жасаудағы маңызды қадам болып табылады. Ортаңғы церебральды артерия тромбозы ишемиялық инсульттің негізгі себептерінің бірі болып табылады және оны уақтылы жою ауыр зардаптардың алдын алады.
Суперселективті церебральды ангиография және ортаңғы церебральды артерияның M1 сегментінен механикалық тромбоэкстракция — жоғары шеберлік пен дәлдікті талап ететін күрделі процедуралар. Операциядан кейін қан айналымын толық қалпына келтіру тромбтың сәтті жойылуын көрсетеді және пациенттің одан әрі сауығуы үшін жақсы болжам болып табылады.
Нейрохирург С.Сапақовтың жетекшілігімен Түркістан қалалық ауруханасында алғаш рет жасалған операция сәтті өтті. Бұл шара нейрохирургия саласындағы ілгерілеушілікті көрсетіп, өңірдегі медициналық қызметтің дамуына септігін тигізеді.