Жуырда Түркістан облысына қарасты Түлкібас аудандық орталық емхана қызметкерлері, терапевт, невропатолог дәрігерлері, мамандар- психолог, әлеуметтік қызметкер және Салауатты өмір салтын насихаттау кабинетінің мейірбикесі Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тыл және еңбек майданының ардагерлерінің үйлеріне барып медициналық профилактикалық тексеру жүргізіп қайтты.
Бұл Түлкібас аудандық орталық ауруханасы ұжымының тамаша бастамасы. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып, профилактикалық медициналық тексеруден өткізу елінің азаттығы үшін зор күш жұмсаған осынау ардақты батырларға деген қамқорлық пен құрметті көрсетеді. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, сондай-ақ еңбек майданы ардагерлері, әсіресе, қартайған шағында медициналық қолдау мен қамқорлықты қажет ететінін есте ұстаған жөн. Терапевтер, невропатологтар, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер мен медбикелер сияқты әртүрлі мамандардың қатысуы ардагерлердің денсаулығын бағалауға және оларға қажетті медициналық көмек пен қолдау көрсетуге кешенді көзқарасты қамтамасыз етеді. Тыл және еңбек ардагерлер Майлықараева Зейнегүл, Юсупова Ханым, Дүйсенова Зейнеш, Наскина Алина, Дайрабаева Зинаш, Эремина Людмила, Бекбенбетова Шарбибі, Нұрлыбаева Анаргүл әжейлер мен Абилов Арзман, Бегжанов Эсет және Ауған соғысының ардагері Тұрлыбеков Байғали атайлардың денсаулықтарын жіті қадағалап, барлық қажетті медициналық тексеру жүргізді. Ақ халатты абзал жандар ардагерлердің қойған сұрақтарына жауап беріп, денсаулық күтіміне байланысты ұсыныстар айтты. Соғыс және тыл ардагерлері медицина қызметкерлеріне осындай көрсеткен қамқорлықтары мен қолдаулары үшін, алғыстарын жаудырып, шынайы тілектерін білдірді.