Бүгінде медициналық әлеуметтік сақтандыру өз тиімділігін дәлелдеп те үлгерді. Тұрғындардың денсаулығын жақсарту бойынша көптеген игі істер атқарылуда. Жуырда Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданы әкімдігінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жиын өткізілді. Аталмыш жиын барысында осы мәлесе жан жақты талқыланды. Аудан әкімінің орынбасары А. Нұрлыбайдың төрағалығымен өткізілген жиынға барлық сала мамандары оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, аурухана және басқа да мекемелер мен ауыл әкімдіктерінің өкілдері қатысты.
Аудан орталығында өткізілген жиынға арнайы келген «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Қыдырбаев Нұрлан Икрамұлы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша өзгерістер мен қажетті ақпараттарға шолу жасап шықты. Ол өз сөзінде реформаның негізгі аспектілерін түсіндіріп, барлық азаматтардың денсаулығын әлеуметтік қорғаудың маңыздылығына тоқталып, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бойынша енгізу жоспарланған жаңа шараларды сипаттады.
Жиынға қатысушылар міндетті медициналық сақтандыруды енгізуге қатысты өзекті мәселелерді талқылап, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды, бұл жаңа жүйені жақсырақ түсінуге ықпал етті. Бұл кездесу жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарды әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы өзгерістерді сәтті жүзеге асыру үшін ақпараттандыру және дайындаудағы маңызды қадам болды. Жиынға қатысушылар шара барысында аталған тақырып бойынша сұрақтар қойып, арнайы мамандар тарапынан бірқатар талқылаулар мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы жиыннан кейін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша аудандық штаб отырысы өтті. Бұл жиында сондай-ақ ауданның денсаулық сақтау саласын дамытудың өзекті мәселелері мен келешегі талқыланды. Қатысушылар денсаулық сақтау қызметтерін көрсетуде орын алған аз-маз кем-кетікке талдау жасап, оларды жоюдың ықтимал жолдарын қарастырды. Медициналық мекемелердің инфрақұрылымын жақсартуға, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді.
Халықтың әртүрлі санаттары, соның ішінде ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру тетіктері де талқыланды. Кездесуге қатысушылар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылатын сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділікті қамтамасыз ету шараларын қарастырды. Аудандық штаб отырысы барлық мүдделі тараптардың іс-әрекеттерін үйлестіру және аудандағы медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша нақты қадамдарды әзірлеу үшін маңызды алаңға айналды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі бері бірқатар мәселелер шешімін тауып келеді. Аталмыш жүйе яғни, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бұл денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мәселелердің түйінін тарқатып келеді. Міндетті медициналық сақтандыру ешкімнің де әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жеріне және табысына қарамастан бірдей медициналық және фармацевтикалық көмек көрсетеді.
Бұл жүйе тұрғындарға ауру, жарақат, жүкті болу, босану, мүгедектік және кәрілік кезінде көмек көрсететін әлеуметтік қорғау моделі болып табылады. Міндетті медициналық сақтандыру барлық азаматтар үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге, халықтың жалпы денсаулығын жақсартуға көмектесуге бағытталған.
Көптеген дамыған елдер өз тиімділігін дәлелдеген осы міндетті медициналық сақтандыруды таңдады. Бұл медициналық қызметтерді тең бөлуге мүмкіндік береді және әлеуметтік теңдікті жақсартады. Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыруды енгізу денсаулық сақтау жүйесін нығайту және барлық азаматтардың әл-ауқатын жақсарту жолындағы маңызды қадам болып табылады.