Халықаралық Олимпиада күніне орай Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық орталық ауруханасында 2024 жылдың 23 мамырында дүниеге келген сәбилерге сыйлықтар табыс етілді. Перзентханада сол күні босанған үш ананы құттықтап, сый-сияпат жасады. Бұл ілтипат пен қолдау жас отбасылар үшін жағымды тосын сый болды.
Шара ауданның жаңа тұрғындарының туған күнін тойлау және туғаннан кейінгі алғашқы күндерде олардың отбасын қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Сыйлықтар арасында жаңа туған нәрестелерді күтуге қажетті заттар болды, бұл жас аналарға пайдалы және дер кезінде көмек болды. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлері де жаңа туған ата-аналар мен олардың балаларын құттықтап, денсаулық пен амандық тіледі.
Қазіргі уақытта аналар мен олардың жаңа туған нәрестелерінің денсаулығы өте жақсы деп бағалануда. Медицина қызметкерлері олардың жағдайын жіті қадағалап, қажетті медициналық көмек пен қолдау көрсетеді. Бұл мереке ана мен бала денсаулығына қамқорлық көрсетудің маңыздылығын атап өтті, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің өз емделушілеріне деген ыстық ықыласы мен қамқорлығының үлгісі болды. Дәл осы атаулы күні босанған Мамырайым Айда Қанатқызы Жаңабазар ауыл тұрғыны қыз босанды, сәбидің салмағы – 3455, бойы -53 см. Екінші бақыттың сәбидің анасы Турсынмурадова Арофат Абдухакимқызы. Тұрбат ауылының тұрғыны бесінші баласын дүниеге әкелді. Ұл баланың салмағы – 3310, бойы -52 см. Үшінші сәбидің анасы Оразбек Ақерке Темірханқызы Шарбұлақ ауылының тұрғыны тұңғышын босанды. Отбасындағы тұңғыштың салмағы – 3670, бойы -55 см. Қазіргі таңда ана мен баланың денсаулықтары өте жақсы. Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы атаулы мерекелік күндерді құр жібермей, дәл осы күні дүниеге келген сәбилерді сый сияпатсыз қалдырған емес. Мұндай игі шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.