«1 маусым Халықаралық балалар күні» мерекесі Түркістан облысындағы емдеу мекемелерінде кеңінен аталып өтті. Денсаулық сақшылары ауруханада емделіп жатқан балақайларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, түрлі тәттілер үлестірді. Күні кеше Түркістан қалалық балалар ауруханасының «Қамқорлық» оңалту орталығында мерекеге орай ұйымдастырылған шарада балалар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі. Аурухана басшысының орынбасары А.Ақжігітов аяққа тұрған науқас баланың тұсауын кесті. Қаншама уақыттан бері ем-дом алып жүрген бала үшін бұл өміріндегі айтулы оқиға болғаны сөзсіз. Ата-аналарға интеллектуалдық ойындар өткізілді, балаларға естелікке ойыншықтар берілді.
Ауруханада ем алып жатқан балаларға «Р.Сейтметов атындағы музыкалық драма театры» шақырылып «Кім патша болады?» атты қойылым көрсетілді. Түркістан қаласының әкімі Н.Тұрашбеков ауруханаға келіп, балаларды құттықтап, сыйлықтар табыстады. Бұл шаралар емделіп жатқан жас пациенттер үшін Балаларды қорғау күні мерекесін ерекше есте қаларлықтай өткізді. Әкімнің келуі мен қойылым балалардың дертінінен бір сәт сергітіп, мерекелік қуанышқа кенелуіне мүмкіндік берді. «Қамқорлық» оңалту орталығы мен Түркістан қалалық балалар ауруханасының қызметкерлері балалар өмірінің ең қиын күндерінде де оларға мейірімділік пен қамқорлық сезіну үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды жалғастыруда.
Жетісай аудандық орталық ауруханасында балаларға арнайы аниматорлар шақырылып, ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Түрлі ойындар ойнатылып, көңілді спорттық шаралар, асфальттағы суреттер байқауы өтті. Қонақтар мен қатысушыларға мерекелік және естелік сыйлықтар табысталды. Балалар барлық іс-шараларға ықыласпен қатысып, қатты қуанды. Аниматорлар балаларға жарқын әсер қалдырып, көңілді және қуаныш атмосферасын сыйлады. Ата-аналар да балаларының жүздеріндегі күлкіге қуанып, осындай тамаша мереке үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Ауруханадағы балаларға арналған бағдарлама жас пациенттерге қолдау көрсету және көңіл-күйлерін көтеру, олардың ауруын ұмытып, көңіл көтеру мақсатында ұйымдастырылды. Бұл балалардың әл-ауқатын жақсартып, қуаныш сыйлайтыны сөзсіз маңызды әрі тамаша бастама. Аниматорлар мен ұйымдастырушыларға жұмысы мен балаларға қамқорлығы үшін алғыс айтушылар көп болды. Осындай іс-шаралар дәстүрге айналып, балалардың өмірінің қиын сәттерінде қуаныш пен күлкі сыйлады.
Леңгір қалалық емханасында мереке қарсаңында ерекше балаларға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның соңы эстафетамен аяқталды.
Сайрам аудандық орталық ауруханасының «1 масым — Халықаралық балаларды қорғау күні» іс-шаралар жоспары бекітіліп, тұрғындар арасында балалардың дұрыс тамақтануы, балалардың гигиеналық дағдыларын қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстану бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу және Ақсукент ауылындағы орталық саябақта іс-шара кезінде балаларды медициналық тексерудерден өткізді. Келесі күні балаларды қорғау күні аурухана емделіп жатқан балаларға тақырыптық бағдарлама ұйымдастырды. Шара аясында балалар сайыстарға қатысып, ойындар ойнап, ән айтып, би биледі. Балалардың көңілін көтеріп, жағымды эмоциялар сыйлаған аниматорлар мен суретшілердің қатысуымен қойылым ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарламадан кейін балалар осы мерекеге арнайы әзірленген тәттілер мен жемістерден дәм татты. Барлық балаларға сыйлықтар мен шағын кәдесыйлар берілді, бұл оларға қуаныш сыйлады. Мұндай іс-шаралар мерекелік көңіл-күй туғызып, сауығу жолындағы балаларға қолдау көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар қоғамның құнды және осал бөлігі болып табылатын балаларды қорғау және оларға қамқорлық жасаудың маңыздылығын еске салады.
Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы бөлімшелерінде жатқан кішкентай науқастарды және «Қамқорлық» оңалту орталығындағы ерекше балаларды мерекеге орай сыйлықтар табысталды. Ауруханаға қарасты 26 емханаларда да кішкентай бүлдіршіндерге арнап мерекелік концерттер мен асфальттағы суреттер байқауы өткізілді. Ал Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы да мерекеден шет қалмады. Балалар үшін арнайы флешмоб, ашық алаңда сурет салу шаралары ұйымдастырылды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында сыйлықтар таратылды. Бұдан кейін, «Асықата» Жетісай аудандық ауруханасында мерекелік шара «Бала біздің-болашағымыз» атты ұранымен өтті. Аурухана әкімшілігі бұл шараға ерекше дайындалған. «Толағай» отбасылық сайысын өте қызықты етіп өткізді. Сонымен қатар, ауруханаға қарасты барлық дәрігерлік амбулаторияларда «Ашық есік күндері” өткізілді. Балаларды алдын ала жазылусыз мамандар қабылдау жасап, лабораториялық-диагностикалық тексерулер жасады.
Ад Кентау қалалық емханасында балаларға балалардың көңіл күйін көтеру мақсатында ертегі кейіпкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Балалар да өз мерекелерінде ерекше белсенді қатысып, ән-тақпақ айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Балалар ертегі кейіпкерлерімен флешмоб билеп, түрлі ойындар ойнады, асфальтта ерекше бейнелерді бейнелеп, сурет салу байқауы өткізілді. Шара тек мерекелік іс шаралармен шектелмей, медициналық көмек көрсету жағына ойысты. Бейінді мамандардың қатысуымен «Ашық есік күні» ұйымдастырылып өткізілді. Жеңімпаздарға сый-сыяпат көрсетілді
Арыс аудандық орталы ауруханасының ашық есік күнінде — педиатр, жалпы тәжірибелі дәрігер, невролог мамандары балаларды қабылдады. Мамандар балалардың денсаулығын жіті тексеріп, дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстану бойынша кеңестер берді. Ашық аспан астында сурет салу шығармашылық байқауы өткізілді. Облыстағы барлық аудандық ауруханалар аталмыш мерекеге ерекше дайындалғандарын көрсетті. «Бала біздің болашағымыз» ұранымен өткен мерекелік шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.