Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында «1-маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай көптеген іс-шаралар өткізілді. Осы мерекеге орай Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аян Көшкінбай, аудан әкімінің баспасөз хатшысы Ақтөре Таубай орталық ауруханаға арнайы барып, перзентханада және балалар бөлімінде ем қабылдап жатқан бүлдіршіндер мен ата-аналарын мерекемен құттықтады. Олар кішкентай емделушілерді мерекелерімен құттықтап, тезірек сауығып кетуін тілеп, аудан әкімдігінің сыйлықтарын табыс етті.
Сондай-ақ балалардың ауруханада болуын қызықты ету үшін түрлі ойын-сауық шаралары ұйымдастырылды. Ауруханаға барып, балалар мен олардың ата-аналарын құттықтау мереке қарсаңында кішкентай емделушілерге қолдау көрсетудің және оларға қамқорлық көрсетудің бір жолы. Бұл да қоғамның осал тобына жататын балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың маңыздылығын еске салады. Балаларды қорғау күніне орай Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының емхана бөлімінде Ашық есік күні болып өтті. Аталмыш шараға емдеу мекемесінің ұжымы асқан даярлықпен келген. Ашық есік күнін басшының емхана ісі жөніндегі орынбасары А.К.Ақынғазиева сөз сөйлеп ашты, ата-аналарға, балаларға мерекеге орай құттықтау сөз айтып, өз тілегін білдірді. Бұл күні балаларға медициналық қызметтер көрсетілді. Сондай-ақ салауатты өмір салты бойынша шеберлік сабақтары, педиатрлар, психологтар, диетологтардың кеңестері өткізді.
Балалар түрлі ойындар мен жарыстарға қатысып, сыйлықтарға ие болды. Шара қоғамның назарын балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау және балалар ауруларының алдын алу мәселелеріне аудару мақсатында ұйымдастырылды. Барлық қатысушылар клиникада осындай мерекелік және пайдалы күн үшін ұйымдастырушыларға риза болып, алғыстарын білдірді. Балалардың дені сау, бақытты болуына көмектесетін осындай іс-шаралар алдағы уақытта да өткізілмек. Шара барысында педиатр және бейінді мамандар қабылдаулары, балалар эндокринологы, балалар офтальмологы, балалар кардиологы, балалар ревматологы, балалар стомотологы, балалар неврапотологы, психолог кеңестері, функционалдық зерттеулер: ЭКГ, УДЗ, Сәулелік диагностика (рентген), лабораториялық зерттеулер — жалпы клиникалық және биохимиялық зерттеулер жасалынды. Сонымен қоса балалар арасында тренингтер, түрлі ойындар, өлеңдер айту сияқты сайыстар жүргізіліп, балаларға сыйлықтар табысталды. Әкімшіліктен балаларды құттықтауға арнайы келген меймандар мереке күнін ауруханада өткізіп жатқан балалардың көңілін тауып, тезірек сауығып шығуын, келешекте еліміздің қорғаны болар азамат болып өсуіне тілектестіктерін білдірді. Өз кезегінде ата аналарда құттықтау сөз сөйлеп, аурухана басшысына, медицина қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды. Болашағымыз балалар үшін көңілді мерекелік кеш ұйымдастырғаны үшін рахмет айтты.