Түркістан облыстық балалар ауруханасының ұжымы ұдайы игі істердің басы қасында жүреді. Қайырымылық шараларынан да қалыс қалған емес. Аталмыш ауруханада кілең кәсіби мамандар топтастырылған. Медицина ұйымында бүгінде күрделі оталара сәтті жүзеге асырылып жүр. Ота жасауда әрдайым алдыңғы шепте жүретін дәрігерлер спорттық іс шараларда да асығы алшы. Күні кеше облыстық балалалар ауруханасында медицина қызметкерлері күніне орай спартакиада ұйымдастырылды. Медицина қызметкерлері кәсіби мерекелері қарсаңында ұйымдастырылған спорттық шараға белсене қатысты.
Аталмыш шараға 5 команда қатысты. Сайыс шарты бойынша 8 түрлі сайысқа қатысты – оның ішінде эстафета жүгіру, қаппен секіріп жүгіру, ләңгі тебу, қол күрестіру, гир көтеру, бадминтон қыздар арасында, арқан тарту болды. Эстафета жүгіруде емдеу қызметкерлері өздерінің өте жылдам қимылдайтындарын байқатты. Қаппен секіруде ептіліктерін көрсетті. Бала шағынан ләңгі тепкен ер азаматтар бұл ойында да әлі де епті екендіктерін дәлелдеді. Ләңгінің әр тебу қимылдары бойынша жеңісті қолдан бермегендер баршылық. Қол күрестіру де аса шалт қимылды, күшті қажет ететіндігі белгілі. Әсіресе жедел жағдайда науқасқа қызмет көрсететін медиктер бұл жарыста да өздерінің мықтылықтарын көрсетті. Қыздар арасында ұйымдастырылған бадминтон жарысында оза шауып, озат шыққандар жетерлік. Ең қызығы арқан тартыс жарысында болды. Екі жақтағы командалар өздерінің бар күшін салып, соңына дейін тартысты.
Әр команда жақсы нәтиже көрсетіп, тамаша спорттық шеберліктерін көрсетті. Барлық қатысушылар өте жылдам және бір-біріне қолдау көрсетіп, жағымды жарыс атмосферасын құрды. Мұндай спорттық іс-шаралар денсаулық сақтау қызметкерлері арасындағы достық пен ұжымдық рухты нығайтуға, сондай-ақ салауатты өмір салты мен белсенді демалысты насихаттауға көмектеседі. Спартакиаданың арқасында позитивті қуатпен қуатталып, ұжымдық рухты шыңдауға мүмкіндік туды. Медицина қызметкерлерінің арасында спорттық рухты сақтау үшін мұндай шаралар дәстүрге айналып, жүйелі түрде өткізіліп тұрады негізінде.
Денсаулық сақшылар тек емдеу ісінде ғана емес, спорттан да алда екенін көрсетті. Спорттың қай түрі болса да қаражаяу еместіктерін дәлелдеді. Сайыс өте қызықты өтті, командалар белсенділік танытты. Спартакиада нәтижесінде I орынға «Найзағай» командасы ие болса, II орынға «Диагностика» командасы, ал III орынды «Адреналин» командасы иеленді.
Барлық қатысушыларды жарыстың достық атмосферасы мен энергиясы таң қалдырды. Жеңімпаздар лайықты марапаттарға ие болды, ал барлық қатысушылар ұзақ уақыт бойы сергектік пен жақсы көңіл-күй зарядына ие болды. Осы тамаша шараны ұйымдастыруға атсалысқан және көмектескендердің барлығына алғыс айтушылар көп болды. Спорттық жарыстың қорытындысы бойынша әр пән бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Барлық қатысушылар іс-шараға қатысқандары үшін лайықты марапаттар мен ынталандыруларға ие болды.