Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар қала тұрғынын қолға түсірді. 31 жастағы күдікке ілінген әйел зергерлік бұйымдар сататын бутикке кіріп, сатушыдан алтын алқаларды көрсетуді өтінген.
Сатушының басқа клиенттерге қызмет көрсеткенін пайдаланып, алтын алқаның біреуін жасырын ұрлап, қылмыс орнынан бой тасалаған.
Алайда ұрлаған бұйымды ломбардқа өткізіп үлгермеген. Тәртіп сақшылары дер кезінде анықтап, күдіктіден қолды еткен алқаны тәркілеп алды. Қазіргі та