Оқиға Жаңа жыл түні болған. Полицияға оқиға куәгері көпқабатты үйдің шатырынан секіріп кетпекші болған мас ер адам туралы хабарлаған.
Мереке күндері қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін учаскелік инспекторлар санаулы минуттардың ішінде оқиға орнына жетті.
Полицейлер тез арада шатырға шығып, ер адамды құтқаруға асығады. Тәртіп сақшылары оны ұстап алып, қауіпсіз жерге жеткізіп үлгерді. Ер адамның құтқарылуын жергілікті полиция қызметкерлері видеоға түсіріп алған.