
фото ТОПД
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері бөтеннің көлігін ұрлады деген күдікпен екі жас жігітті анықтады.

Тәртіп сақшылары ұрланған көлікті Тараз қаласынан тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі уақытта оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.