Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 434-бабының 1-бөлігімен Е.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.
Е. 2025 жылғы 5 қаңтар күні «М.» емханасында, яғни қоғамдық орында жәбірленуші (дәрігер) К.-ның ар-намысына тиіп, оған былапыт сөздер айтып, айналасындағы адамдарға сыйламаушылық білдіргені анықталған.
Е. өз кінәсін толық мойындап, өкінетіндігін білдіріп, шын мәнінде жанжал барысында дәрігер К.-ға былапыт сөздер айтқандығын растап, жәбірленуші К.-дан кешірім сұрап, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сот, жоғарыда көрсетілген мән-жайларды ескеріп, Е.-ге ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен 5 (бес) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.
Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.