
фото ТОӨКҚ
2024 жылы Түркістан облысында 498 білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау жүргізілген. Оның қатарында 193 балабақша, 304 мектеп, 1 колледж бар. Нәтижесінде 32 балабақша, 49 мектеп мемлекеттік аттестаттаудан өткен. Бұл жайында Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов брифингте мәлімдеді.
«Облыстағы 441 білім беру ұйымында қайта мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Оның ішінде, 407 мекеменің білім беру қызметі — мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттық талаптарына сәйкес келіп, қайта аттестатталды. Сондай-ақ, 89 мектептің білім беру қызметімен айналысатын мемлекеттік лицензиясы уақытша тоқтатылды. Бұдан бөлек, департаментке 2024 жылдың есебі бойынша, «Е-Өтініш» порталы арқылы 328 өтініш түскен. Оның ішінде, 45 өтініш бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, заң бұзушылықтар анықталған. Оларға 39 нұсқама беріліп, 12 әкімшілік іс қозғалды»- деді спикер.