
фото ТОӨКҚ
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Түркістан облысында «Ақпарат және байланыс» саласында көрсетілген қызметтер көлемі 10,1 млрд теңгені құраған. Яғни 114% өсімді көрсетіп, республика бойынша көш бастап тұр.
Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабековтың сөзінше, ауылдық жерлерде халыққа көрсетілген пошта және курьерлік қызметтің қаржы көлемі 5 млрд 560,5 млн теңгеге жеткен. Сонымен қатар, қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерінің қаржы көлемі — 396,4 млн теңге, жергілікті телефон байланысы қызметтерінің көлемі — 737,5 млн теңге, интернет желісінің қызметтері — 5 млрд 576,8 млн теңге болған. Ал, сымды және сымсыз телекоммуникациялық желілер арқылы деректерді беру бойынша қызметтер — 369,6 млн теңге, кабельді инфрақұрылым, сымсыз желілер және жерсерігі арқылы бағдарламаларды тарату бойынша қызметтер — 446,7 млн теңге және өзге де телекоммуникациялық қызметтер көлемі — 2 млрд 609,1 млн теңгеге жеткен.