
фото ТОӨКҚ
Түлкібас ауданында 1-наурыз Алғыс айту күні мерекесі мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай өңір басшысы Асқар Естібаев аудандық перзентханаға арнайы барып, дүниеге сәби әкелген аналарды мерекелерімен құттықтады.
Соңғы тәулікте ауданда 3 сәби дүниеге келсе, соның ішіндегі көпбалалы ана Жұмагүл Қалкенова сегізінші перзентін босанған. Ал, Зилола Омарова төртінші баласын дүниеге алып келіп, көпбалалы аналардың қатарына қосылып отыр.
Мерейлі мерекеге орай аудан басшысы әр анаға гүл шоқтары мен арнайы дайындалған сыйлықтар себетін тарту етіп, нәзік жандыларды қуанышқа бөледі.