
фото ТОПД
Түркістан облысы Сайрам ауданының полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық жасаған ер адамды қолға түсірді. Белгілі болғандай, жұмыссыз ер адам танысына ешқандай емтихансыз жүргізуші куәлігін алып беремін деп жалған уәде берген. Жәбірленушіден алдын ала 230 мың теңге алып, ақшаны жеке басының пайдасына жаратқан.
Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа дәл осындай алаяқтыққа қатысты 19 фактісін анықтады. Жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі 4 миллион теңгеге жуық. Ер адам ірі көлемдегі ақшаны құмар ойынға жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа өтті.