
фото ТОПД
«Қарасора — 2025» іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шымкент — Самара тас жолында Land Rover автокөлігін тоқтатты.
Жедел уәкілдер тексеру кезінде көлік салонынан жолаушыға, яғни Жамбыл облысының тұрғынына тиесілі есірткіге ұқсас 30 ораманы тәркіледі. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 400 дозадан асатын синтетикалық есірткі болып шықты.
Қазіргі уақытта есірткі заттарын өткізу мақсатында сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел шаралар жалғасуда.