
фото ШПД
Шымкент қаласы Полиция департаменті қару жарақ, оқ-дәрілерін тәркілеу және өз еріктерімен тапсыру «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында қоғамдық тәртіпті сақтау, атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын-алу және жолын кесу мақсатында осы жылдың шілде айының 1-10 аралығында іс-шара өткізілді.
Іс-шара қала аумағында атыс қаруын қолдана отырып жасалған қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан алып қою және иеленушілердің қарудың сақталуын тексеру үшін өткізілді. Операция жүргізу кезеңінде полицейлер қару иелерінің тұрғылықты жері бойынша аңшылық алқаптарда, шалғайдағы шаруа қожалықтарында рейдтік іс-шаралар жүргізді. Полиция қызметкерлері үйлерді аралау барысында 5276 азаматтық қару иесін тексерді. Тексеру барысында 9 суық қару тәркіленіп, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Азаматтық қару айналымы саласында 128 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Қаруды сақтау, алып жүру және тасымалдау тәртібін бұзғаны үшін 3 адам, тіркеу тәртібін бұзғаны үшін 20 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар, егер олардың іс-әрекетінде өзге қылмыстар құрамы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.