
фото ШПД
Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Н.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 434 -бабы 1- бөлігімен (ұсақ бұзақылық) әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.
Н. 2025 жылдың 27 маусым күні Шымкент қаласы, Елшібек батыр көшесінде орналасқан «5-ші элемент» сервис дүкенінің тұсында, яғни қоғамдық орында азамат Б.-ның ар-намысына тиіп, оған балағат сөздер айтып, айналасындағыларына сыйламаушылық танытқаны анықталған.
ӘҚБтК — нің 434 — бабы 1 — бөлігінің диспозициясына сәйкес — ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңірегіндегілерді сыйламаушылықты білдіретін басқа да осындай іс-әрекеттер жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қөзделген.
Құқық бұзушының кінәсі іс-құжаттарымен қоса, өзінің берген түсінігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен және тағы басқа да іс бойынша жинақталған құжаттармен толық дәлелденіп, аталған мән-жайларға сүйене отырып, құқық бұзушының жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар оның кінәсін мойындағанын, өкінгенін, ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталмағанын ескеріп, сот ӘҚБтК-нің 434 — бабы 1 — бөлігімен Н.-ны кінәлі деп тауып, оған жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерде 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл жазасын тағайындады.