
фото ТОПД
“Заң және тәртіп” қағидатын іске асыру аясында Түркістан қаласы аумағында борышкерлерді анықтау және оларға қатысты айыппұлдарды өндіру мақсатында профилактикалық іс-шара жүрігізілді.
Мақсаты — әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп орындаудың қажетті шараларын қолдана отырып, борышкерлерді анықтау бойынша тиісті жұмысты жандандыру.
Шара барысында тәртіп сақшылары “Автоураган” жылжымалы кешені мен “Қорғау” жүйесі арқылы 2 млн теңгеге жуық төленбеген айыппұлы бар облыс орталығы тұрғынының “Opel Vectra” маркалы автокөлігін анықтады. Көлік айыптұраққа жабылды.
Өз кезегінде Түркістан қаласының полицейлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін бұзбауға және салынған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеуге шақырады.