
фото ТОПД
Республика көлемінде өтіп жатқан «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ордабасы ауданы полиция бөлімі мен прокуратура пробация қызметімен бірлесіп, есептегі азаматтардың тұрғылықты мекен жайлары бойынша тексеру және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында пробация есебінде тұрған, оның ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және басқа да санаттағы азаматтардың өмір сүру жағдайлары зерделеніп, олардың тарапынан құқық бұзушылыққа жол бермеу, қайта қылмысқа бармау мақсатында профилактикалық кеңестер берілді.
Сонымен қатар, құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын түсіндіру және әлеуметтік бейімделуге бағытталған ұсыныстар айтылды. Мұндай жұмыстар аудан аумағында алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.