
фото ТОӘБҚ
11–21 қыркүйек аралығында Алматы облысында VIII республикалық «Ақ бидай» ауыл спорты ойындары өтті. Әр төрт жыл сайын ауыл тұрғындарының спорттық шеберлігін шыңдау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылатын бұл кешенді додада спорттың 20 түрі бойынша үздіктер анықталды.
Түркістан облысынан жарысқа 250-ге жуық спортшы мен делегация мүшелері қатысты. Жарыс нәтижесінде Түркістан облысы 498 ұпай жинап, жалпыкомандалық І орынды иеленді. ІІ орынға 428 ұпаймен Алматы облысы жайғасса, ІІІ орынды 385 ұпай еншілеген Батыс Қазақстан облысы түйіндеді.
Айта кетейік, Түркістан облысы құрылғалы бері қатарынан екі мәрте республикалық «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарының жеңімпазы атанып отыр.