
CREATOR: gd-jpeg v1.0 (using IJG JPEG v62), quality = 95
Түркістан қаласының ауданаралық соты, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігімен айыпталған Р.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Көрінеу жалған құжатты пайдалану – 160 АЕК дейін мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жазалар қарастырылған.
Сотпен анықталғаны: Р. мемлекеттік қызметші бола тұра, 2024 жылдың тамызы-қыркүйек айларында себепсіз жұмыста болмай, ауруханаға емделуге бармай, тергеуде аты-жөні анықталмаған белгісіз тұлғамен байланысып, уақытша жарамсыздық парағын жасатып, оның жалған екенін толық біле тұра, өзінің жұмыс орнының персоналды қызмет бөліміне өткізіп, қылмыстық теріс қылық жасаған.
Тараптардың ұстанымы: Прокурор – Р.-ға айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы Р. – тағылған айыппен келіспей, ақтауды сұрады. Дәлелдемелер бөлігі: Р.-ның кінәсі, куәлердің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен және басқа да іс құжаттармен толық дәлелденді.
11 шілде 2025 жылы сот үкімімен: Р.-ға 314 560 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалып, рақымшылық жасау туралы заңға сәйкес, тағайындалған айыппұл түріндегі жазадан босатылды.