фото Даму
Кәсіпкер несие аларда кепілзаты жетпесе – «Даму» Қоры кепілдік ұсынады. Бұл – бизнеске қажет сомаға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Кепілдік мөлшері – нақты бағдарлама шарттарына қарай несие сомасының 50% немесе 85%-ына дейін.
Кепілдік мерзімі – несие мерзімінен аспайды. Қаржы инвестиция, айналым қаражатын толықтыру немесе қайта қаржыландыру үшін беріледі.
Осы бағдарлама туралы және басқа мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары туралы толық ақпаратты damu.kz веб-сайтынан және Шымкент қ. Қонаев даңғ., 95/1 ғим., немесе +7 (7252) 99-70-49 нөмірі арқылы алуға болады.
