фото Даму
ШОБ қолдаудың негізгі мемлекеттік шараларының бірі — «Өрлеу» жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы. Ол кәсіпкерлерге ыңғайлы қаржыландыру шарттарын ұсына отырып, субсидия құралының тиімді баламасы болып отыр.
Негізгі артықшылықтары:
• Өзгермейтін жеңіл мөлшерлеме — жылына 12,6%-дан аспайды. Субсидиядан айырмашылығы — «Өрлеуде» несиенің бүкіл мерзіміне нақты мөлшерлеме бекітілген.
• Қаржыландыру көлемі — инвестицияға 7 млрд теңгеге дейін және айналым қаражатын толықтыруға 3,5 млрд теңгеге дейін. Салыстырар болсақ, субсидия құралында әдетте несие аз мөлшерде беріледі.
• Өтеу мерзімі — инвестиция үшін 10 жылға дейін және айналым капиталы үшін 3 жылға дейін. Сондай-ақ, қолда бар қарыздың қалған мерзімі ішінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген несиелерді қайта қаржыландыруға болады.
• «Даму» қорының кепілдік құралы. Ол кепілзат жетіспеген кезде Қордың беретін кепілдігі. Бұл кәсіпкерлердің қалаған сомасын алуына мүмкіндік береді.
• Салалар тізімі ауқымды. Бағдарлама көптеген басым бағыттарды қамтиды, бұл бизнесті мемлекет тарапынан қолдау құралдарын неғұрлым ауқымды және тиімді етеді.
«Өрлеу» бағдарламасы өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру, денсаулық сақтау сияқты экономиканың басым секторларына жеңіл несие беру арқылы кәсіпкерлікті ынталандыруды көздейді.
«Өрлеу» бағдарламасы туралы толық ақпарат damu.kz сайтында бар және 1408 нөмірі бойынша білуге болады.
Осы бағдарлама туралы және басқа мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары туралы толық ақпаратты damu.kz веб-сайтынан және Шымкент қ. Қонаев даңғ., 95/1 ғим., немесе +7 (7252) 99-70-49 нөмірі арқылы алуға болады.
