фото ТОӘБҚ
Республикалық «Қазқайтажаңарту» мекемесінің жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес, облыс әкімінің тапсырмасымен кесене аумағының 150 метрлік периметрінде орналасқан барлық көгалдарды алып тастап, олардың орнына ақ мәрмәр тастар төсеу туралы шешім қабылданған болатын.
Аталған тапсырмаға сәйкес, Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тікелей қадағалауымен абаттандыру және қайта жаңғырту жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.
Көгалдарды алып тастаудың негізгі мақсаты – кесене маңында артық ылғалдың жиналуын болдырмау, суару жұмыстарын барынша азайту, сондай-ақ ылғалдың тарихи нысанға тигізетін кері әсерлерінің алдын алу. Бұл шаралар кесененің қауіпсіздігін нығайтуға және оның ұзақ мерзімді қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
