фото ТОПД
Түркістан облысында полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті жол-көлік оқиғасының алдын алды
Түркістан облысы аумағында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ықтимал жол-көлік оқиғасының алдын алды. Қызмет атқару барысында полицейлер көлік құралын мас күйінде басқарған жүргізушіні анықтады.
Ол полиция қызметкерлерінің заңды тоқтау талабын елемей, қашуға әрекет жасап, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген. Қызметкерлердің жедел әрі кәсіби іс-қимылының нәтижесінде көлік дер кезінде тоқтатылып, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін жол-көлік оқиғасының алдын алу мүмкін болды.
Медициналық куәландыру қорытындысы жүргізушінің мас күйде болғанын растады. Сот шешімімен құқық бұзушыға 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалып, көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Түркістан облысының Полиция департаменті мас күйде көлік басқару – заңды өрескел бұзу ғана емес, адам өміріне тікелей қауіп екенін еске салады.
